Connect with us

Моңғолияда

Қазақстан мен Моңғолия COVID-тен кейін тікелей әуе рейстерімен халықаралық автобус қатынасын қалпына келтіреді

Published

on

25 қараша, KAZNEWS. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша Қазақстандық-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы онлайн режимінде өтті.

Комиссияның Қазақстандық жағын Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Моңғол жағын Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аюушийн Ариунзаяа басқарды.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың болашағы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, инвестиция, кәсіпкерлік, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, стандарттау және метрология, мәдениет, спорт, туризм, білім беру салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында тараптар көрмелер, дөңгелек үстелдер мен жәрмеңкелер өткізіп тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-моңғол ынтымақтастықты тереңдету, атап айтқанда екі елдің ғылыми-зерттеу ұйымдарының өзара әрекеттестігінің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, туризм және мәдениет мәселелерін көтере отырып, осы салалардағы екіжақты перспективалы ынтымақтастық бойынша ой бөлісті. Бұл ретте, COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақталғаннан кейін «Нұр-Сұлтан – Улаанбаатар» және «Алматы – Улаанбаатар» тікелей әуе рейстерін, сондай-ақ «Өлгий – Алматы – Өлгий» халықаралық автобус қатынасын қалпына келтіруді, өзара мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізуді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.

Үкіметаралық комиссияның келесі отырысы 2022 жылы Улаанбаатарда өткізіледі.

***

Казахстан, Монголын Засгийн газар хоорондын комиссын ээлжит 8 дугаар хуралдаан болж өндөрлөв

2020 оны 11 дүгээр сарын 25-ны өдөр Худалдаа-эдийн засаг, шинжлэх ухаан-технологийн болон соёлын хамтын ажиллагааны тухай казахстан, монголын засгийн газар хоорондын комиссын 8 дахь хуралдаан цахим хэлбэрээр зохион байгуулагдав.
Уулзалтанд Казахтаны талыг Бүгд Найрамдах Казахстан Улсын Худалдаа, интеграцын сайд Бахыт Султанов, Монголын талыг Монгол Улсын Хөдөлмөр, нийгмийн хамгааллын сайд Аюушийн Ариунзаяа нар даргаллаа.
Хуралдааны үеэр, талууд хоёр улсын худалдаа-эдийн засгийн хамтын ажиллагааны ирээдүй, түүнчлэн хөдөө аж ахуй, хөрөнгө оруулалт, бизнес эрхлэлт, авто тээвэр, соёл, спорт, аялал жуулчлал болон боловсролын салбарын хамтын ажиллагааны чиглэлүүд, мөн Казахстан-Монгол хоорондын хууль эрх зүйн орчныг цаашид улам хөгжүүлэх асуудлуудын талаар хэлэлцэв.
Уулзалтаар, хоёр талт худалдаа-эдийн засгийн хамтын ажиллагааг хөгжүүлэх, экспортын чадавхыг нэмэгдүүлэх зорилгоор цаашид үзэсгэлэн болон үзэсгэлэнт худалдаа, дугуй ширээний уулзалтууд зохион байгуулахаар тохиролцов.
Түүнчлэн талууд хөдөө аж ахуйн салбарын хамтын ажиллагааг гүнзгийрүүлэх, тухайлбал хоёр улсын эрдэм шинжилгээний байгууллагуудын харилцан хамтын ажиллагаа нь чухал болохыг цохон тэмдэглэв.
Үүнээс гадна, аялал жуулчлал болон соёлын асуудлуудыг хөндөж, тус салбаруудын хамтын ажиллагааны талаар санал солилцов. Үүнд, КОВИД-19 цар тахлын нөхцөл байдал тогтворжсоны дараа “Нур-Султан – Улаанбаатар” болон “Алматы – Улаанбаатар” чиглэлийн шууд нислэгүүдийг, түүнчлэн “Өлгий – Алматы – Өлгий” чиглэлийн олон улсын тээврийн харилцааг сэргээх, соёл-хүмүүнлэгийн харилцан арга хэмжээнүүдийг зохион байгуулах талаар дэлгэрэнгүй санал солилцлоо.
Хуралдааны эцэст, талууд Худалдаа-эдийн засаг, шинжлэх ухаан-технологийн болон соёлын хамтын ажиллагааны тухай Засгийн газар хоорондын комиссын протоколд гарын үсэг зурав.
Засгийн газар хоорондын комиссын дараагийн ээлжит хуралдаан 2022 онд Улаанбаатар зохион байгуулагдана.

***

About the 8th meeting of the
Kazakh-Mongolian Intergovernmental Commission

On November 25, 2020, the 8th meeting of the Kazakh-Mongolian Intergovernmental Commission on Trade, Economic, Scientific, Technical and Cultural Cooperation was virtually held.
The virtual meeting of the Commission was co-chaired by the Minister of Trade and Integration of the Republic of Kazakhstan Bakhyt Sultanov, and the Minister of Labor and Social Protection of Mongolia Ayush Ariunzaya.
During the meeting, parties exchanged views on the prospects of bilateral trade and economic relations, as well as areas of cooperation in the field of agriculture, investment, entrepreneurship, transport, labor and social protection, standardization and metrology, culture, sports, tourism, education and issues of further development of legal bases between Kazakhstan and Mongolia.
In order to develop bilateral trade and economic relations and increase export potential, the parties agreed to periodically hold exhibitions, roundtables and trade fairs.
The parties noted the importance of deepening Kazakh-Mongolian cooperation in the field of agriculture, in particular, further interaction between research organizations of the two countries.
Along with this, there was discussed issues of tourism and culture, outlined the prospects for bilateral cooperation in these areas, namely the resumption of direct flights «Nur-Sultan – Ulaаnbaatar» and «Almaty – Ulaаnbaatar», as well as the international bus service «Ulgii – Almaty – Ulgii» after the stabilisation of the epidemiological situation with the COVID-19 pandemic, as well as the mutual holding of cultural and humanitarian events.
At the end of the meeting, the Protocol was signed as the result of joint work of the Intergovernmental Commission on Trade, Economic, Scientific, Technical and Cultural Cooperation.
The next meeting of the Intergovernmental Commission will be held in 2022 in Ulaanbaatar.

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды

Published

on

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Published

on

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды

Published

on

Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version