Connect with us

Мақала

Қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991-1992 оқу жылдарынан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде
оқыту әдістемесін жасауды қолға алды. Аталған факультетке алғаш қазақ тілін үйрену үшін келген шетел азаматтары үшін арнайы топтар ашылып, оларға қазақ тілін үйретудің жаңа бір бағыты бастау алды.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы құрылғанынан бастап, ұжымының ғылыми-практикалық еңбектері, орыс тілін шет тілі ретінде және қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеру теориясының ғылыми негізін қалыптастырып, өзге тілді оқыту практикасын дамытып, өзіндік платформа жасай бастады.
1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы орыс тілін шет тілі ретінде және 1991 жылдан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде меңгерудің қолданбалы бағытының даму кезеңі деп атауға болады.
Оны XX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды. Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша, теориялық қағидалары дәрісханалық жұмыс жасауда толығымен қолданыс тапқан, өзіндік ғылыми-әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту қазақ тілін үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзыретінің қалыптасуын қамтамасыз ететін, тиісті тілдік материалдарды меңгерудегі және оқу технологиялық сипаттағы біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына бағытталған көп деңгейлі, көп қырлы күрделі үрдіс болып табылады.
Шетел азаматтары оқитын факультетте қазақ тілін оқытудың стратегиялық мақсаты – қазақ тілін мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі салаларында қарым-қатынас құралы ретінде меңгерген тілдік тұлғаның негіздерін қалыптастыру.
Кафедрада тіл меңгерудің жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделі жасалған. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Ол – тілді алдымен элементарлық меңгеруді, кейіннен еркін меңгеруді қалыптастыру. Қарапайым деңгей (А1) – шектелген, бірақ коммуникативті жеткілікті деңгей. Бұл кезеңде қолданушы бағдарламада қамтылған қарым-қатынас жағдаяттары мен
тақырыптар, лексикалық және грамматикалық минимумдар төңірегінде мазмұны жағынан күрделі емес тілдік айтылымдарға қатыса алады. Оқытудың базалық деңгейі (А2) тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзыретінің келесі деңгейін көрсетіп, қарым-қатынастың тұрмыстық, жалпымәдени, оқу салаларындағы негізгі коммуникативтік қажеттілікті қамтамасыз етеді. Тіл меңгерудің бұл деңгейі еуропалық елдерде азаматтық алуға құқық береді.

Қазақ тілін оқытудың орта деңгейі (В1) – инофонның осы тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынастағы негізгі коммуникативтік қажеттілігін қанағаттандыра алатын деңгей. Тіл меңгерудің бұл деңгейі ЖОО түсуге құқық береді.
Қазақ тілін оқытудың әр деңгейінде сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасуына сандық және сапалық талаптар қойылады. Тіл меңгерудің қарапайым, негізгі және жалғастырушы деңгейлері коммуникативті жеткілікті, аутентикалық сөйлеумен және тілдік материалдармен қамтамасыз етілген.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым-қатынасқа жеке және тең дәрежеде қатыса алатындай би/полимәдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталып отыр. Үйреніп отырған тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір-бірімен тығыз байланысқан түсініп-тыңдау, ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондақтан да қазақ тілі оқытушылары өздерінің ғылыми, оқыту-әдістемелік жұмыстарын тіл меңгерудегі сөйлеу әректтерінің түрлерін: тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым (диалогтық, монологтық) шыңдауға арнайды. Қазақ тілін оқыту үдерісінде жоғарыда айтылған әр деңгейдің сапасын бақылау мақсатында сөйлеу әрекеттерінің әр түріне арналған арнайы тестілік тексеру жүйесі жасалынған. Сондықтан қазақ тілін үйрену үшін келген әрбір азамат өзінің тілді меңгеру деңгейін арнайы тест арқылы бақылап көре алады және сөйлеу әрекеттерінің қай түрі қалыс болса, сол бағытта көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік ала алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі білім беру фаультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесін жинады. Мұның бәрі оқытушыларға өз оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруге көмектесіп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Ф.ғ.к., доцент Мұсаева Гүлбағиза
аға оқытушы Нұртілеуова Сандуғаш
аға оқытушы Дүйсенбаева Райхан

Advertisement


Мақала

АСҚАҚ АРМАН

Published

on

Мен 2002 жылы 21 шілдеде Моңғолияда, Баян-Өлгей аймағында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Отбасымда ата-анам, ағаларым бар.

Алға қойған мақсаттарым көп… Мектеп бітіргеннен кейін алдымда өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау болды. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым,бірақ өз елімнен емес менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу- әрбір түлектің арманы болғаны анық. Себебі алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі де бірегейі . Биыл грантқа түсу мақсаты болып жүрген жас тыңдаушылардың бірімін.Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде онлайн режимінде білім алып жүрмін.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады.Бұл жоғарғы оқу орынына түсу,білім алу әр түлектің арманы деп ойлаймын. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Мемлекеттік тапсырыс бойынша жылына 150-ге жуық тыңдаушыны Ұлттық бірыңғай тестке дайындайды. Тыңдаушыларды Қазақстандағы өздері қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жаңа тілдік және әлеуметтік ортада жақсы үйренісіп кетуіне, Қазақстан мәдениеті мен тарихы, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін терең игеруге мүмкіндік береді. Сапалы білім беру нәтижесінде дайындық факультеті шетел азаматтарының сұранысына үнемі ие болып отыр. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұрады, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезінгендей болдым. Мен 6- шы дайындық тобында оқимын.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы. Ол оқу сауаттылығы пәнінен дәріс береді.Сонымен қатар тарих пәні, математика,физика пәндері оқытылады.Ұстаздарымыз Бегалиева А.К; Несипбаева С.К ; Тұрсынбек А.М -үздік оқытушылар. Қашықтықтан оқыту боп жатса да сабақтан тыс шаралар көптеп өтіледі.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы әртүрлі тақырыпта көптеген пайдалы кураторлық сағаттар өткізеді.Сонымен қатар Айша апайдың ұйымдастыруымен ‘Жауқазын’ үйірмесі және «Сахна әлемі» атты үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл ұстаздардың шәкірттері көптеген жарыстардан алдыңғы қатарлардан көрініп жатыр.Осындай білікті білімді апайлардан білім алып жатқанымызға қуанамыз. Біздің өмірде өз орнымызды табуымызға, адам болып қалыптасуымызға септігін тигізген аттары аталған, аталмаған ұстаздарымызға мың да бір алғыс айтамыз. Өз қызметтерін мүмкіндігінше атқарып, біздің өмірімізде ұмытылмастай іздерін қалдырған ұстаздарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
6 топ тыңдаушысы Айман Жанболат

Continue Reading

Мақала

Integration of MOOC disciplines in the educational process

Published

on

A.Zhaparova, PhD,
I.Azimbayeva, senior teacher
Department of Foreign Philology
and Translation Studies,
Al-Farabi Kazakh National University

Massive open online course (MOOC) – makes it possible to implement a policy of support to implement virtual academic mobility and highlight routes for e-learning online. The MOOC is very convenient for a deeper study of the topic, for expanding, deepening the content of academic disciplines, both with individual diligent and talented students, and for the whole group.
Today, an appeal to the MOOC provides an opportunity to carefully consider individual sections of the disciplines. Therefore, the teachers of the Department of Foreign Philology and Translation Studies, Al-Farabi Kazakh National University along with the traditional teaching method, have taken into their hands the practice of using, according to topics and levels, several online courses on the Coursera portal. For example, projects in the discipline “Scientific Writing”: “Writing a Research Paper”; on the subject “Grammar in Use” / “Normative Grammar of FL in practice”; project: “Learn English: Intermediate Grammar”, in the discipline “English for Academic Purposes” project “Writing in English at University”. We believe that the skills acquired in this specialty will have a beneficial effect on their professional skills. Massive open online courses in these disciplines enable students to achieve success in the professional field. They will learn how to conduct academic research and accurately express their ideas in an academic format. At the end of the course, students prepare a diploma work, as well as prepare a scientific work on the chosen topic, where they can demonstrate their acquired knowledge. This makes the student’s independent work meaningful, systematic and of high quality, and also forms competence and self-discipline, which is very important when working with students.
The advantage of massive open online courses is that in order to obtain a certificate, you must successfully complete the project. It is a working tool in organizing student research work. Students conduct research on selected academic topics: make a short, annotated bibliography, which makes it possible to differentiate literary sources; can draw conclusions and inferences, exploring the scientific and conceptual structure of research from the theoretical and practical side: problem, objectives, goals, object, discipline, hypothesis, methodological basis, main idea, research methods, research novelty.
But sometimes in massive open online courses, scheduling student time is not always convenient. In many courses, the time is limited, so the availability of some materials (mid-term texts) is given for a certain time, after which it is impossible to work with them.
Considering the fact that any experience can be a necessary, important and vital lesson, the ability to work with the MOOC and use it efficiently for your work will certainly be an important experience.

Continue Reading

Мақала

«Аудармашы» мамандығы жайлы не білу керек?

Published

on

Әзімбаева И.Қ., Төңкер А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы
және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысылары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасын талдап, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізіп отырған Шетел филологиясы және аударма ісі каферасында «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығы бойынша болашақ аудармашылар білім алады.
«Аудармашылар дәуірі» атанған ХХ ғасырда ғылымның барлық сан түрлері сынды «аударма» да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «Кәсіпқой бір мамандық» ретінде аудармашылыққа және аудармашыға селқос қойылатын талаптар қазіргі таңда біршама өзгерген, жаңарған. Осы орайда жаңа білім беру кеңістігіндегі аудармашылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында мына талаптар жайында сөз қозғамақпыз.
Аудармашы және оның Ана тілі: Аудармашы өз ана тілін жетік меңгеріп, тілдік қабаттарының сырларына терең бойлауы тиіс. Мәтіндерді, әсіресе көркем әдеби мәтіндерді аударған кезде туындайтын ең басты қиындық, аудармашының өз ана тілін жеткілікті деңгейде білмеуі. Болашақ аудармашы басқа тілді үйренбей тұрып, алдымен өз ана тілінің тарихи дамуын, сөздік қорын, сөйлем жүйесі мен синтаксистік құрылымын өте жоғарғы деңгейде білуі тиіс. Көркем туындының жазылуына да, аударылуына да үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігі дау де тудырмайды. Ал ұлттық сипаты қанық, ұл тағдырының, ұлт тарихының бар асылын, бар ауыртпалығын бір бойына сыйдыратын көркем шығармаларды аударудың жауапкершілігі оны жазып шығудың жауапкершілігінен жоғары болмаса, төмен болмауы керек.
Аудармашы және Сөздіктер: Сөздіктер, еш күмәнсіз өте маңызды көмекші құралдар. Алайда, аудармашылар сөздікке деген фетишизмнен құтылуы керек. Сөздіктер, тіл теңізінің тек сыртын ғана қалыптастырады. Ал мәтін мен аударма тілі сол теңіздің түбіндегі маржандар. Болашақ аудармашы сөздіктерді аударманың басты құралы ретінде қарастырмауы керек, олардың тек мәдениетке қарай ашылған есіктердің бірі екенін аңғаруы қажет.
Аудармашы және Мәдениет: Болашақ аудармашы білетін тілдерінде ұқыпты, әрі кірпияз оқырман болуы тиіс. Классиктерді ұмытпай әрі ана тілінде, әрі өзге тілдерде жазылған көркем мәтіндерді міндетті түрде оқып, зерттеулері қажет. Себебі, шын мәнінде аударма – сөздермен алмасу емес, бір мәдениеттердің бір-бірімен алмасуы. Аударма теориясы бір тілді білумен шектелмейді. Аударма жасау тіл білу дегеніміз емес, сол тілдің әлемдегі басқа тілдермен, басқа мәдениеттермен байланысын білу. Болашақ аудармашы қандай да бір мүмкіндікті пайдаланып, жер шарының барлық жеріне саяхат жасауы керек, тіпті ол үшін, өзі үшін жаңа мүмкіндіктерді жаратуы тиіс.
Аудармашы және Психология: Сөздер тілдерді, тілдер адам санасын, адам санасы болса мәтіндерді қалыптастырады. Бұл үдеріс тіл және тілдік өндіріс пен психологияның арасында жақын бір байланыстың бар екеніндігін нақтылайды. Әлемдегі клиникалық психологтар ең нәтижелі терапия «ана тілде» жасалатындығына сенімді. Сондықтан, мәтіндердің қалыптасуы – бір психологиялық үдеріс. Болашақ аудармашы, жалпы психология білімінен хабары болуы керек, әсіресе ана тілінен басқа тілдерде жазылған күнделікті психология журналдарын да қарап жүруі керек.
Аудармашы және Технология: Қазіргі таңда әлемде кеңінен тараған әрі империалистік тіл болып саналатын «e-language» тілі – технология тілі болып есептеледі. Электронды тіл, адамдардың тек күнделікті өмірінде немесе экономикалық күн тәртібінде ғана өз қолданысын таппайды, олар барлық дүниедегі тілдерді де өз жылдамдығымен айналдырада. Болашақ аудармашы жаңа технологиялардан да хабардар болуы керек. Технология тілінің дамуын жан-жақты қадағалап жүруі керек.
Аудармашы және Уақыт: Жазылған мәтіндер әрдайым тұрақты болып қалады. Бірақ тез ескірмейді деген сөз емес. Ал тілдер болса жанды бір болмыс. Болашақ аудармашы, қызыққан тілдерінің күнделікті әрекеттерін, дамуын қадағалап жүруі керек. Жасалынатын аударманың болашақ оқырмандарын қызықтырып, заман ағымына сай аударма жасалуы тиіс. Өйткені ондай мақсатта жасалмаған аударма тек сөз аудармасы түсінігіне ие болады.
Пушкиннің пайымдауынша, автордың айтқаны аудармашы тарапынан қайта айтылуы қажет, ал Гоголь аударма жайында «түпнұсқаға жақын болу үшін түпнұсқа сөздерінен кейде ауытқып тұру керек» десе, Толстой «кейде сөздер мен мазмұнды аударып қана қоймай, сонымен қатар әсерді аудару қажет» деп тұжырымдаған, К. И. Чуковский болса «күлкіні күлкімен, ал жымиысты жымиыспен аударуға» шақырған. Соған қарамастан, бұлардың барлығы аударманың заңдылықтарына қайшы келмейді.
Шетел филологиясы және аударма ісі каферасы «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығының түлектері орта және жоғары оқу орындарындағы педагог-оқытушы, ҒЗИ-да ғылыми қызметкер, аудармашы-редактор, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы аудармашы-лингвист, гид-аудармашылар немесе ілеспе аудармашылар, халықаралық байланыстар саласындағы аудармашы-синхронист, мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласындағы аудармашы, техникалық аудармашы – ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттің жазбаша аудармасын жүзеге асыратын білікті маман атана алады.

Continue Reading

Мақала

Қашықтықтан оқудың артықшылығы мен кемшілігі

Published

on

Төнкер А, Әзімбаева И.Қ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы
және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысылары

2020-2021 оқу жылында барлық елдердің білім білім беру бағдарламаларына күтпеген өзгерістер кенетттен орын алғаны барлығымызға айтпаса да белгілі. Қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша елімізге киықдықтар мен қоса жетістіктері де орын алды десе де болады. Ал Р.С. Битенова-тың «Наука и Техника Казахстана» жариялаған мақаласында Қашықтықтан оқыту ұғымы бұрыннан таныс. XIX ғ. ортасында сол замандағы ақпаратты тасымалдау, яғни пошталық қызметті АҚШ және Еуропада қандай да себептерге байланысты сабаққа қатыспаған оқушыларға қашақтықтан оқытуды талап еткен дейді . Сонымен қатар “Коммуникациялық технологияның — 1920 жылы радионың және 1940 жылы теледидардың дамуына байланысты — оқытудың жаңа формасы кең масштабта пайдалануға басталды, ал сұраныс білімнің интернационализациялағанына және глобальдау процесінің басталуына байланысты XX ғ. 60 жылдарында пайда болды. Бірақта қашықтықтан оқытуға сұраныс 80 жылдары Интернет желісінің пайда болуынан бастап көбейе түсті. Виртуалды өмірде біз қатынасамыз, ақпарат қабылдаймыз және сатып алуларды жасаймыз.Қазіргі кезде жаңа технологиялар қолайлы және арзан болып келеді. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту барлық әлемде дәстүрлі білім бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде Америка, Азия және Еуропа дамыған елдерінде танымал. Алайда XXI ғ. қашықтықтан оқыту бүкіл әлемді жаулап алады”. Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Электрондық оқудың артықшылықтары:
Электрондық оқытудың анықтамаларымен танысқаннан кейін, elearning ерекшеліктері мен артықшылықтарымен танысудың уақыты келді, келесі ерекшеліктерді біле отырып, біз өз көзқарасымызды электронды оқытуға өзгерте аламыз.
– Бұл білім алушыларға бағытталған оқыту процесі, ал мұғалімнің рөлі осы оқыту процесінің жетекшісі немесе көмекшісі болып табылады.
– студенттерге кез-келген уақытта, кез-келген орынға қол жетімді.
– Бұл бірлескен оқытудың бір түрі.
– электрондық оқыту жылдам және динамикалық болып табылады және шығындар көлемін азайтады (мысалы: студенттерге жол уақыты мен жол шығыны)
– оқушылардың өздері қалаған қарқынмен білім алуына мүмкіндік беретін өздігінен оқуға ықпал етеді.
– E-Learning студенттер мен оқытушылар арасында өзара қарым-қатынасты дамытады.
– жан-жақты оқыту; яғни виртуалды сыныптар мен имитациялар сияқты барлық оқу көздері мен құралдарды қамтиды.
– Оқуға түсу, қадағалау, оқу сияқты барлық әрекеттер интернеттің көмегімен жүзеге асырылады.
– Сабақты әр жерден келген әр түрлі профессорлар дайындайды.
– Оқушылар бірнеше мамандықты немесе мамандықты игере алады.
– Ынталандыру: дерексіз бөлімде айтылғандай, электронды оқыту оқушылардың ынтасын арттырады және мотивация қажет тіл үйрену, әсіресе шет тілін үйрену, өйткені бұл шет тілінің барлық қажетті бөліктеріне әсер етеді оқу; яғни енгізу (білім алушы оған бірінші рет ұшырайтын білім), жаңа материалдарды көбейту алдыңғы оқығандар және нәтижелер (оқушы алдыңғы екі затты қолдану арқылы не шығарады). Қарапайым тілмен айтқанда технология және дербестендірілген ақпарат біз мотивация мен мотивацияны арттыра аламыз студенттердің сабаққа қатысуы мен қызығушылығын арттыру.
– электрондық оқытудың көптеген түрлерінің ең маңызды артықшылығы – икемділік, ыңғайлылық және жұмыс жасау мүмкіндігі білім алушының қарқыны [2].
Көріп отырғаныңыздай, тілді оқытудың коммуникативті әдістері сияқты электрондық оқыту білім алушыларға негізделген білім алушылар оқу процесінің негізгі тірегі болып табылады және олар электронды оқытуды қолдану арқылы өзіне тәуелді бола алады және нені таңдайды олар істегілері келеді.
2.2. Электрондық оқытудың кемшіліктері
Электрондық оқытудың артықшылықтарына қарамастан, оның төменде келтірілген кемшіліктері мен кемшіліктері бар.
– электрондық оқыту білім алушылар арасындағы әлеуметтік қатынастарды төмендетеді.
– кейбір оқушылардың интернет пен компьютерді пайдалану туралы білімдері аз, сондықтан олармен жұмыс істей алмайды орынды.
– электронды оқыту бетпе-бет кездесулер мен мұғалімдердің оқушыларға бақылауының көлемін азайтады.
– кейбір мұғалімдерде оқыту / оқу процесінің мұндай тәжірибесі мен танысу қабілеті аз.
– тілдік / мәдени айырмашылықтар
– виртуалды университеттердің артық шығындары.
– техникалық шектеулер
– Мұғаліммен бетпе-бет қарым-қатынастың болмауы.

Электрондық оқыту кейбір виртуалды ортада жүретіндіктен және көбіне интернетті қолдануға негізделген және оны жасауға болатындығы әлемнің түкпір түкпірінде дәлелденуде. Электрондық оқытудың пайдаланушылары интернет және компьютер сияқты технологиялармен жұмыс істей білуі керек, олар таныс болуы керек техникалық білімнің жетіспеушілігі пайдаланушылар үшін проблемалы болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін біз e -learnig анықтамалары, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айттық, енді бұл туралы айтудың уақыты келді Электронды оқытудың бөліктері алдымен теледидармен салыстырғанда ең қарапайым электрондық құрылғы ретінде басталады. Интернет пен компьютер, содан кейін онлайн ойындар, интернет, мультимедиа және блогтардан менгеру қашықтықтан оқыудағы ұтымды текхникалар болып табылады.

Әдебиеттер тізімі
– Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. – 2010
– Р.С. Битенова. Қашықтықтан оқыту, қазіргі замандағы ақпараттық технологияның ең тиімді тәсілдерінің бірі. Журнал:Наука и техника Казахстана-2010
– N. Mohammadi et al. Effects of e-learning on Language Learning / Procedia Computer Science
– Хан Х. Эффекты от литья видео в синхронные виртуальные классы / Американский журнал дистанционного образования. – 2013
– Қашықтықтан оқутудың педагогикалық технологиялары/Баспасөз Е.С. Полат
– М., 2005.
4. http://www.dictionary.fio.ru

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек2 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек4 weeks ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек1 month ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда