Екі елдің Президенті баспасөз мәслихатының соңында. Сурет: Kremlin.ru
16 желтоқсан, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен кеше Ресей Федерациясына сапармен барды.
Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен 16 желтоқсанда Кремльде кездесу өткізді. Бұл кездесу Моңғолия – Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауының 100 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылып отырғанымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, Президент Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті лауазымына кіріскеннен кейінгі шетелге алғашқы сапары болып отыр.
Ресей Президенті Владимир Путин өзінің алғашқы шетелдік сапарын Ресей Федерациясына жасағаны үшін Моңғолия Президентіне ризашылығын білдіріп, Ресейден бастаған сапарыңыз жақсылықтың қадамы деп атап өтті.
Владимир Путин мен Ухнаагийн Хүрэлсүх келіссөздер барысында ынтымақтастықты дамыту бағытында бірлескен саяси декларация қабылдаған.