Улаанбаатар – /KAZNEWS/. Конституцияға жасалған өзгерістер қазіргі Президент үшін үлкен мүмкіндік тудырып отыр – дейді Zaluu.com.
Бұрын Президенттер 2 рет сайлау арқылы жеңіске жетсе 8 жыл бойы мемлекет басшысы қызметін атқара алатын.
Конституциядағы өзгерістер бойынша 50 жастан жоғары Моңғолия азаматын 6 жыл мерзіммен 1 рет Президентке сайлайтын болды. Бұл заң 2020 жылы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.
Ал, келесі Президент сайлауы дәстүр бойынша 2021 жылы өтеді. Х.Баттулганың Президенттік өкілеттігі 2021 жылы аяқталады. Президент үшін 1 реткі сайлану құқығын иеленіп қойды деуге келмейді. Өйткені негізгі заңға өзгерістер еңгізілмей тұрып ол 4 жылдық өкілеттігіне тағайындалған болатын.
Сондықтан, 2021 жылы өтетін Президент сайлауына ол заң бойынша түсе алады. Егер сайлауда жеңіске жетсе үзбей 10 жыл бойы мемлекет басшысы қызметін атқарып, Моңғолияны «10 жыл билеген» елбасы атанады.
Бірақта, бұл тек мүмкіндік болғанымен шешім емес. Соңғы таңдау халықта екенін ұмытпайық. Дегенмен, бұрында, болашақта да ешкімге бұйырмаған мүмкіндік Халтмаагийн Баттулганың маңдайына ғана жазылғаны қызық.
Бұл басқаларға қатты тиседе, ащы шындық. Ол үнемі саяси ойынның басты рөлінде ойнап келеді.