KAZNEWS – 2019 жылғы 30 қыркүйектегі статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының жергілікті халқының саны 105590 адамға жеткен. Болжам бойынша 2025 жылы 105753, 2030 жылы 122200, 2035 жылы 133361, 2040 жылы 145126, 2045 жылы 162421 ге жетіп, халық саны бойынша Улаанбаатар қаласы мен Хөвсгөл аймағынан кейін үшінші орыннан көрінеді.
Түп нұсқа: Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті
Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып зерттеп көрсек, 1991 жылы халық саны 99063 адамға жетсе, 1994 жылы 76163 адам болған. Бұл жылдары халық саны 22 мың 900 адамға азайған. 2001-2016 жылдары Баян-Өлгий аймағының халық саны 828 адамға ғана өзгереді. Ал, бұл жылдары 20 мыңға жуық адам өзге өлкелерге қоныс аударған.
2001 жылы халық саны 3,1 пайызға өсіп 96 мың 988 адамға жетсе, 2004 жылы 99 мың 111 ге жеткен. 2005 жылы Баян-Өлгийден қоныс аударған адам саны 3068 бола тұра, көшіп келген адам саны 5 ғана. Бұл 99,1 мың адамнан 95,8 мыңға кемуіне тікелей әсер еткен.
Халық саны өсімінің ең жоғарғы төмендеуі 1991-1994, 2010 жылдары байқалған.
Сонымен қатар, 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 2013 жылғы мәліметтер бойынша 30,2, яғни еліміздің орташа көрсеткішінен 2,7 промилмен артық. Ал, өлім-жітім коэффициенті 2013 жылғы мәліметтер бойынша 4,9, яғни еліміздің орташа көрсеткішінен 0,7 промилмен төмен болған.
2001-2014 жылдары 36755 бала дүниеге келген. Бұл жылдардағы Баян-Өлгий аймағының табиғи өсімі 29,629 адамды құраған. 2013 жылдан бастап халық өсімінің оң қарқыны сақталып келеді. Соңғы жылдары өсім қарқыны 2,5 пайызды құрады.
Халықтың негізгі үлесін жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша батыс моңғолияда бәсекеге қабілеттілігін айқындап тұр.
Алайда, Баян-Өлгий аймағы еліміздегі бәсекеге қабілеттілік индексінде 21 аймақтың бел ортасында жүр. 2012 жылы 10, 2013 жылы 11, 2014, 2015 жылдары 12, 2016, 2017 жылдары 10, 2018 жылы 12 орыннан көрінген.
Aimagindex.mn жариялаған есепте, Баян-Өлгий аймағы үшін адам капиталын дамытып, экономиканы әртараптандыру, инновацияны өндіріске еңгізудің және билікте кездесетін кедергілерді азайту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болатынын көруге болады.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.