Келесі жылы Моңғолия Президентінің кезекті сайлауы өтеді. Конституция бойынша Парламенттегі партиялар Президент сайлауына өз үміткерлерін ұсына алады. Конституцияның 31.2 –бабында «Мемлекеттік Ұлы Хуралда орын алған партия жеке немесе бірлескен түрде Президентке бір адамды ұсынады» -делінген.
Сондықтан Моңғолия Парламентінің 2020 жылғы кезекті сайлауында орын алған Моңғол халық партиясы, Демократиялық партиясы, Моңғол халық революцияшыл партиясы, ХҮН партиясы үміткерлерін ұсынуға құқылы.
Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша «Президентке 50 жасқа толған, ел аумағында кемінде 5 жыл тұрған, Моңғолия азаматын алты жыл мерзімге бір рет ғана сайлайды» -делінген.