KAZNEWS – 2020 жылғы Парламент сайлауының қорытындысы бойынша Моңғол халық партиясынан атын ұсынушы Бәделхан Қабдісіләмұлы Баян-Өлгий аймағынан қайта сайланды. Ол 23379 дауыспен жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Баян-Өлгийліктер Моңғол халық партиясынан атын ұсынған үміткер Әубәкір Тілеуханұлына 22662 адам дауыс беріп, сенім жүктеді.
Үшінші мандатты Демократиялық партиядан атын ұсынушы Бейсен Бұланұлы 22448 дауыспен жеңіп алды.
Нәтижесінде, Парламентке бұрын сайланбаған жаңа саясаткерлер келесі төрт жылда Баян-Өлгий халқының мемлекеттегі өкілі болады.