Connect with us

Дерек

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Published

on

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен аталып өтетін «Алғыс айту күні» – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен күллі Қазақстан халқына деген шынайы құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл – тағдыр тауанымен Ұлы Даламызға қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға жасалған тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – ел басына күн туған күрделі кезеңді иық тіресе бірге еңсеріп, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Орайлы осы сәтте «Отандастар қоры» атынан және өз атымнан егеменді еліміздегі бірегей бірлік пен ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылғанына 26 жыл толуымен де шын жүректен құттықтаймын!

Ағынан жарылып, алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны, сондықтан бүгінгі жиында елдегі қандастар мен шеттегі отандастар атынан алғыс арнауымызға толық негіз бар деп ойлаймын.

Біріншіден, биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Ең алдымен айтарым: Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ Ұлы даламызды қорғаған ата-бабамыздың асыл арманы болған азаттықтың ақ таңын нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір, шексіз алғыс!

Кешегі Кеңестер Одағы тарап, еншісін алған егеменді елімізді Тәуелсіздік тәуекеліне бастап, аумалы-төкпелі кезеңде тығырықтан алып шыққан сарабдал саясаткер Елбасымызға алғыс айтамыз!

Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде өз Тәуелсіздігін жария ете сала Тұңғыш Президентіміз тағдыр тауанымен шартарапқа тарыдай шашыраған ұлты қазақтың бәрін тайлы-тұяғымен Ұлы дала еліне оралуға шақырып, бір шаңырақ астына бірігуге үндеді.

Сол бір сындарлы шақта Елбасы «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты әйгілі хатын жариялағаны белгілі. Қазақ көшін жандандыру мақсатында «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» құрылып, ең алғашқы құрылтай 1992 жылғы 28-қырқүйек пен 3-қазан аралығында Алматы қаласында өтті.

Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының артуына адал қызмет етуге парыздармыз», өйткені «Бар қазақ – бір қазақ» деген жалынды сөзін айтып, миллиондаған елдің ет-жүрегін елжіретіп, алашқа асқақ рух сыйлаған еді.

Артынша атажұртты аңсаған ағайындар елге ағыла бастады. Тәу еткен Тәуелсіздік рухымен қанаттанған қандастардың Ұлы көшіне де биыл 30 жыл толып отыр. Ендеше, Елбасы үндеуімен тарихи Отанымен қайта қауышқан қандастар қауымы атынан барша бауырларды құшақ жая қарсы алған Қазақ халқына риясыз ризалық білдіріп, шексіз алғыс айтқымыз келеді!

Дана халқымыз:
Күнде алшы түсірсең де асығыңды,
Көрмейді жат жер сені тасы құрлы.
Шеңгел де дүрілдейді өз жерінде,
Әркімнің өз елінде басы құнды! – деп бекер айтпаған.

Ендеше, «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол!» деген ата-баба аманатын ішкі түйсігімен түсініп, атажұртына ат байлаған ағайындарға, елім деп еміретіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақстанның қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан және қарамызды көбейтіп, қауқарымызды арттырған қандастарға мың алғыс!

Сонымен қатар, былтырдан бері жаһанды індет жайлап, адамзат атаулыға қатер төнген сындарды шақта шет елдердегі отандастардың да қалың елі – қазағына қайырымдылық жасап, жанашырлық танытқан жақсылығын айрықша атап айтқан жөн. Қауіп әлі де сейіле қойған жоқ. Осындай күлліәлемдік күрделі жағдайда атажұрттағы ағайынының амандығын тілеп, гуманитарлық көмектерін жолдаған шеттегі жанашыр отандастарымызға да көптен көп рахмет!

Тәуелсіздіктен бастау алған Ұлы көш әлі толастаған жоқ. Бір кездері тағдыр тәлкегімен шекара асып, шетелге ауған ағайындардың атамекенге ағылуына – 1997 жылдың 13 желтоқсанында «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қол қоюы даңғыл жол ашып берді. Нәтижесінде әлемнің әр түкпіріндегі талай қазақтың ата қонысқа деген саумал сағынышы үзілмейтін үмітке, селкеусіз сенімге айналды.

Ата қонысымен қауышқан қандастар өздерімен бірге қазақтың жоғалуға айналған кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұмытыла бастаған көне сөздерін ала келді десек артық айтқандық емес. Шетелде туып, егемендікпен бірге елімізге оралған талай танымал тұлғалар қазір мемлекетіміздің мерейін асырып, қандас өнер жұлдыздары мен сахна саңлақтары қазақтың атын айдай әлемге әйгілеп жүр. Ал, іскер бауырлар мен кәсіпкер қандастар халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша алыс-жақын шет елдердегі отандастарды және тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2018 жылы «Отандастар қоры» өз жұмысын бастады. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істейтін Қордың негізгі қызметі – шетелдердегі отандастар мен Қазақстанға көшіп келген қандастарға мәдени, білім беру және құқық салаларында нақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Түптеп келгенде, шекараның арғы шебіндегі отандастарға және атажұртымен қауышқан қандастарымызға қамқорлық жасау, әдеби-мәдени тұрғыда қолдау көрсетіп, жанашырлық таныту – Қазақстанның қайта жаңғырып жатқан халықтық қазынасына һәм қазақ руханиятына сүбелі үлес қосу деген сөз.

Елбасымыз 2017 жылғы 12-сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүріміз, ана тіліміз бен ұлттық музыкамыз, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ең әуелі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген болатын. Ұлт көшбасшысының маңызы зор мақаласы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-санамызды жаңғыртуға тың серпін берді. Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық жадымызды жаңғыртып, дәстүрімізді дәріптеуге кеңінен жол ашты. Тамыры терең тарихымызға тың серпіліс әкелді.

Осы бағытта «Отандастар қоры» қолға алған қомақты істер кезеңімен жүзеге асып келеді.
Мәселен, шетелдегі озық ойлы отандас жастарды қазақстандық жоғары оқу орындарына тарту арқылы тарихи тамырымен табыстырып, білімді түлектен білікті маман әзірлеп, атажұртында тұрақтап қалуына ықпал етуге мүдделіміз. Мемлекет те мейлінше қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, шетелдегі этникалық қазақ балаларына бөлінетін мемлекеттік квота саны 2 есеге артты. 2017 жылдан бастап бакалавриат бойынша 3 000 білім гранты, ал дайындық курстарына 1 500 грант бөлінетін болды. Ендігі маңызды мақсат – көші-қонға бөлінетін квота санын көбейту. 2003-2007 жылдары атажұртқа қоныс аудару үшін қандастарға 20 000 квота берілетін еді. Қазір бұл көрсеткіш 10 есеге кеміп кетті. Алаңдауға негіз бар. Өйткені, мемлекетті құраушы негізгі ұлт – қазақтың қарасы қалыңдаса, егеменді еліміздің де қауқары артып, қайраты зораяды. Алдағы кезде бұл тұрғыда мемлекеттік билік тарапынан нақты қолдау болады деген сеніміміз зор.

Қазақтың «Көп қорқытады, терең батырады» деген қанатты сөзі тегін айтылмаған. Халық көбейсе, нарық кеңейсе, елімізге инвестиция тарту мүмкіндігі де анағұрлым артады. Ал, экономикасы дамып, әлеуметтік әлеуеті артқан сайын тұғыры берік, тұлғасы биік еліміздің Тәуелсіздігі де нығая түсері сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында азаттық жолында құрбан болған халқымыздың біртуар ұлдары – Алаш арыстарының асыл мұрасын жаңғыртып, жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керектігін қадап айтқан болатын. «Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек» деген Президент сөзінің де маңызы зор, тағылымы мол.

Ал, бұдан тура 5 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Алғыс айту күнінде» қалың жұрттың, алуан ұлттың өкілдері алдында: «Ұлы дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, қайта оның байлығы, – деген еді.

Ендеше, елдікті ұран, татулықты ту еткен көпұлтты Қазақстан халқына мың алғыс!» деген ақжарма тілегімді арнаймын.

Ізгі ниетпен, Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті

Дерек

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Published

on

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Continue Reading

Дерек

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

Published

on

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.

Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.

Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.

Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды. 

23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.

Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.

Continue Reading

Дерек

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.

2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.

Continue Reading

Дерек

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

Published

on

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. 

Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.

Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.

Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.

Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады. 

Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version