Connect with us

Спорт

Еркін күрестен Олимпиада ойындарына қатысатын Моңғолия құрамасының тізімі

Published

on

24 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Еркін күрес федерациясының бапкерлер кеңесі Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Олар:

Ерлер
57 келі: Эрдэнэбатын Бэхбаяр
65 келі: Төмөр-Очирын Тулга
125 келі: Мөнхтөрийн Лхагвагэрэл

Қыздар
50 келі: Цогт-Очирын Намуунцэцэг
53 келі: Бат-Очирын Болортуяа
57 келі: Болдсайханы Хонгорзул
62 келі: Хүрэлхүүгийн Болортуяа
68 келі: Соронзонболын Батцэцэг
76 келі: Очирбатын Бурмаа

Спорт

Әбу-Даби: Ц.Цогтбаатар мен О.Цэцэнцэнгэл жеңімпаз атанды

Published

on

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолиялық жүдошы Ц.Цогтбаатар Әбу-Дабиде өтіп жатқан “Grand Slam” турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kaznews.mn тілшісі.

Халықаралық жүдо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, -73 кг салмақта татамиге шыққан олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ц.Цогтбаатар финалда өзбек Х.Тураевтан басым түсті. Турнир барысында Ц.Цогтбаатар татамиге екінші айналымнан шығып, белгиялық қарсыласын жеңді. Ширек финалда словакиялық Мартин Хойякты айқын басымдықпен жеңді.

Жартылай финалда ресейлік Армен Агаянды ұтып, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл – Ц.Цогтбаатар үшін – “Grand Slam” турниріндегі төртінші алтын медалі.

Сонымен қатар, +100 келі салмақта 22 жасар Одхүү Цэцэнцэнгэл екінші кездесуінде өзбекстандық палуанды, ширек финалда финландиялық қарсыласын ұтты. Жартылай финалда Украиналық В.Евхиннен басым түстіп финалға жолдама алды. Ол финалдық кездесуінде Румыниялық С.Валдуттан айласын асырып, турнир жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, бұл жарыста Моңғолия құрамасы екі алтын, үш қола жүлде алып отыр.

Continue Reading

Спорт

Серік Бердімұратұлының қарсыластарын ұтқан сәті (видео)

Published

on

24 қараша, KAZNEWS. Улаанбаатар қаласында SPS телеарнасының бастамасымен ұйымдастырылған “Бахдам гарамгай уран хурц” палуандар бәсекесінде Баян-Өлгий аймағының тумасы мемлекеттік лашын дәрежелі палуан Серік Бердімұратұлы жеңімпаз атанды.

Серік жеңістің биік тұрғырына көтерілу үшін 7 қарсыласынан басым түскен.

Continue Reading

Спорт

Жасөспірім палуандар ел біріншілігінен күміс жүлде алды

Published

on

16-17 қараша күндері Моңғолдың ұлттық күресінен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Улаанбаатар қаласында өтті.

Жарысқа елдің 21 аймағы мен Улаанбаатар қаласының 9 ауданынан үздік 60 спортшы  қатысты. 

16 жас аралығындағы бәсекеде Сонгинхайрхан ауданының палуаны С.Бат-Эрдэнэ 27 палуанды ұтып чемпион атанса, Баян-Өлгий аймағының спортшысы С.Нұртілек 26 палуанды жеңіп күміс медаль иеленді.

Ал, 17 жас аралығындағы бәсекеде Сэлэнгэ аймағының палуаны Г.Төгсжаргал 28 палуанды ұтып жеңімпаз атанса, Баян-Өлгий аймағының палуаны Иманғали Бақытұлы 27 палуанды тізе бүктіріп күміс медаль иеленді.

Спортшыларға Баян-Өлгий аймағының «Тастүлек» спорт клубының қожайыны С.Бақыт бапкерлік етеді.

Continue Reading

Спорт

Сайфолла Тілеубердіұлы 835 келі көтеріп ел чемпионы атанды

Published

on

22 қараша, KAZNEWS. Халықаралық дәрежелі спорт шебері Сайфолла Тілеубердіұлы ересектер арасындағы -120 келі салмақта классикалық поуэрлифтинг бойынша 835 келі көтеріп, ел чемпионы атанды.

Улаанбаатар қаласында өткен ел чемпионатының -120 келі салмақ дәрежесіне 9 спортшы күш сынасқан.

Сайфолла Тілеубердіұлы поуэрлифтинг бойынша Баян-Өлгий аймағынан шыққан тұңғыш, әрі бүгінгі таңдағы бірден-бір халықаралық спорт шебері. 

Сайфолла Тілеубердіұлы бүгінде бірқатар рекордтық көрсеткіштер иесі атанып отыр. Моңғолияда 16 рет ел чемионы атанған. Атап айтсақ классикалық поуэрлифтингден 6 мәрте ұлттық чемпион атанып, 18 рет рекорд жаңартқан. Ал, экифировка поуэрлифтингден 10 дүркін Моңғолия чемпионы атанған.

Азия чемпионатында үш рет жеңімпаз атанып, 2014 жылы АҚШ-тың Флорида Уест Фалм Вейч қаласында өткен WPF федерациясының әлем чемпионатында рекорд жаңартып жеңімпаз атанған. 2017 жылы Чехияның Пилзен қаласында өткен IPF федерациясының әлем чемпионатында 5-орын иеленген.

Cайфолла өзінің алдағы уақыт еншісіндегі спорттағы жоспарларымен бөлісті:

– Осы жылдың 24 желтоқсанда Ыстамбулда өтетін IJP федерациясының Азия чемпионатына қызу дайындық үстіндемін. Өз басым бұл құрлықтық бәсекеде төртінші рет чемпион атануды мақсат етемін.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 day ago

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді...

Дерек5 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды. Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек...

Дерек6 days ago

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz...

Дерек6 days ago

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар...

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романы туралы

17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар»...

Дерек2 weeks ago

Tapsir.com платформасы қәзіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие

15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие...

Дерек3 weeks ago

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов құттықтау жолдады

12 қараша, KAZNEWS. «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат...

Дерек1 month ago

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясы» құрылды

2021 жылы 27 қазан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы» құрылды. Аталған...

Басты назарда