Connect with us

Орта Азия және әлемде

Олимпиада – білім додасы

Published

on

Олимпиада – білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең биік шың Олимп тауларынан бастау алатын осы сөздің түп-тамыры биіктік, асқақтық, шың дегенді білдірсе керек. Олай болса, белгілі бір пәннен ең үздік білім көрсеткен білім алушы биіктерден көріне алатынын айқындап беретін олимпиада додасы күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.

Қазақ тілін жетік меңгерген, дарынды шет елдік жастарды анықтау қолдау, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге елдердің тілі мен мәдениетін құрметтеу, қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖОО-дейінгі білім беру факультеті жанындағы Көптілділік білім беру Ресурстық орталығы, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Тілді білсең – елді білесің» атты шетелдік студенттер арасында І халықаралық онлайн-олимпиада өткізілді. Олимпияда мақсаты – Қазақстан жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан, бұрын қазақстанда оқып, қазір өз елдерінде оқуын жалғастырып жатқан шетелдік студенттерге қазақ тілін үйренуге мәдениетін тануға дәріптеу.

Олимпиаданы ұйымдастырушы комиитеттің Төрағасы болып Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Е. Саденова, Көптілділік білім беру Ресурстық орталығының директоры, олимпиада координаторы (үйлестірушісі) және модераторы болып ф.ғ.д. доцент Ұ.Е. Мұсабекова, олимпиада модераторы, В2 деңгейі тапсырмаларын жасаушы ф.ғ.к., доцент Г.Ә. Мұсаева, В1 деңгейі тапсырмаларын жасаушы ф.ғ.к. доцент М.П. Ешимов, А2 деңгейі тапсырмаларын жасаушы аға оқытушы Р.И. Дүйсенбаева, техникалық хатшы аға оқытушы М.А. Азнабакиева бекітілді. Олимпиада тапсырмалары шет тілді меңгерудің Еуропалық жүйесіне сәйкес А2, В1, В2 – күрделі үш деңгейде құрастырылған.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 20.02.21ж. Көптілділік білім беру Ресурстық орталығының сайтында (http://test.Linguapark.kz/) басталды. Сонымен қатар осы аталған сайтта бірінші айналымның тапсырмалары мен олимпиаданың келесі кезеңіне өту тәртібі туралы ақпараттар да жарияланды.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Асфандияров атындағы ҚҰМУ, Гумилов атындағы ЕҰУ, Ш.Уалиханов атындағы КМУ, Нұр-Мубарак университеті, Солтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан) Тіл мен мәдениет Пекин университеті, Шет тілдері Пекин университеті, Астаналық педагогика университеті (Қытай), Hacettepe Universitesi, Tachnical University, Kardeniz (Туркия,) Шет тілдері мен іскерлік карьера университеті (Жапония), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық Университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей) елдерінен студенттер мен тіл үйренушілер қатысты.

Олимпиаданың бірінші айналымы 20.02.2021-27.02.2021 уақыт аралығында өтті. Бірінші айналымға лексика-грамматика, оқылым, лексика және Қазақстан мәдениеті туралы тапсырмалар берілді. Екінші айналым 22.03.2021- 31.03.2021 аралығында өткізілді. Екінші айналымға өткен қатысушыларға «Қазақ елі осындай» атты шығармашылық жоба жасау тапсырмасы берілді. Тапсырма бойынша ұзақтығы 2-3 минут болатын, кез келген қол жетімді құралдармен түсірілген бейнебаянды (видео) қазылар алқасына жіберулері тиіс. Бейнероликтерге конкурс тақырыбымен сәйкестілік, ұзақтығы 5 минуттан артпау, бейнеролик жанрын таңдау еркі, фотосуреттерді қолдана алу, авторлық құқықты сақтау жауапкершілігі сияқты талаптар қойылды. Берілген талап бойынша қатысушылар өзімен таныстырып, қазақстанның қалалары, қазақстандықтар, қазақ ұлтының салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы шығармашылық түрде бейнебаян түсіріп, қазылар алқасына жіберді. Екінші айналымның қорытындысы 02.04.2021ж. күні олимпиада ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде қаралып, 03.04.2021ж. күні http://test. Linguapark.kz/ сайтына жарияланды.

Сонымен қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпараттар тасқынын игеріп, өзіне қажетті білімді алып, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор тіл үйренуші студенттер Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тілді білсең –елді білесің» атты шетелдік студенттер арасында өткізілген І онлайн – олимпиаданың жүлделі орындарына ие болды.

А2 деңгейі бойынша: Чой Хенсил (Корея) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Чжан Юньди (Қытай) Қытай шет тілдері университеті, В1 деңгейі бойынша қазақ тілінен Хидехару Оно (Жапония) Токио шет тілдері университеті, Квонг Ли Джонг (Корея) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, В2 деңгейі бойынша қазақ тілінен Серап Пылгыр (Түркия) Хаджееттепе университетінің студенттері бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар екінші үшінші орын иелеген студенттер де дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификат, студенттер мен тіл үйренушілерді Олимпиадаға дайындаған оқытушыларға да Алғыс хат берілді.

Алғаш рет қазақ тілі мен орыс тілдерін оқып, үйреніп жатқан шетелдік студенттер арасында ұйымдастырылған халықаралық онлайн-олимпиада бұдан да кең ауқымда өткізілетініне сеніміміз мол.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жаалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Г.Ә. Мұсаева ф.ғ.к. доцент
М.П. Ешимов ф.ғ.к. доцент
Р.И. Дүйсенбаева аға оқытушы

Орта Азия және әлемде

Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты

Published

on

Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.

Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады

Published

on

Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.

Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.

Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді

Published

on

Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.

Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

Published

on

Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version