23 қаңтар, KAZNEWS. Nomadic Hunters FC командасы футзалдан Моңғолия чемпионатының финалдық кездесуінде «Хан-Уул» командасын 5:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Баян-Өлгий аймағының қазақ жастарынан құралған Nomadic Hunters FC командасы футзалдан алғаш рет ел біріншілігінің чемпионы атанып, тарихтың жаңа парағын ашып отыр.
Nomadic Hunters FC командасы алдағы уақытта Футзалдың 1-ші лига ойындарында өнер көрсететін болады.
Кездесу жылдам голмен басталды. Ең әуелі Ертіс Болатұлы бірінші голды 1-минутта салды.
Хан-Уул командасы қайтарма шабуылға өтіп, Т.Мөнхбаатар есепті 7-минутта теңестірді.
Хан-Уул командасының спортшысы Б.Амарсанаа екінші голды 8-минутта соғып, бірінші таймда басымдық көрсетті.
Екінші таймда, Ертіс Мирұлы ойын тізгінін қолға алып, есепті 17-минутта қайта теңестіріп үлгерді.
Nomadic Hunters FC ойыншысы Ертіс Болатұлы қарсыластарынан айласын асырып, қақпаға тағы бір голды 23-минутта соқты.
Ертіс Болатұлы матчтын 28-ші минутында 4 -ші голды салып, алаңда өздерінің басымдықтарын танытты.
Матчтың 29-шы минутында жеңіс голының Ертіс Болатұлы Хан-Уул қақпасына тоғытты. Есеп 5:2. Жеңіс Nomadic Hunters FC еншісінде.
Чемпионат қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы” – Ертіс Болатұлы. Финалдық кездесуде қарсыласының қақпасына 4 гол соқты.
“Үздік қақпашы” -деп Серлан Талғатұлы анықталды.
Nomadic Hunters FC командасы бұған дейін Арвис командасын 6:4 есебімен, жартылай финалдағы кездесуін Capitron командасымен өткізіп, 2:7 есебімен ұтып, алғаш рет футзалдан финалға өткен болатын.
Топтық кезеңдегі алғашқы матчты Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен болса, екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алған. Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізген ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алған.
Бұл жолғы чемпионатта Елан фарм компаниясы демеушілік көрсеткен.
62 елдің үздік спортшылары қатысқан Астанада өткен чемпионатта Mr.olimpia amateur qualifier Astana IFBB PRO 2023 сайысында (Mensphysique Novice категориясында) алтын медалды Моңғолия елінде тұратын Еркебұлан Байытұлы атты спортшы қандасымыз жеңіп алды.
Сонымен қатар осы спорттың Mensphysique Open Class D түрінен қола медалды тағы қанжығасына байлаған. Бұл туралы үздік спортшының Моңғолияда тұратын әкесі ақын Байыт Қабанұлы хабарлады.
Жазба авторы бұл Астана қаласында болып жатқан әлемдік деңгейдегі аса беделді спорттық шара екенін айтады.
Ақын Байыт Қабанұлы баласының Астанаға барғанда алдынан күтіп алып, үйіне жатқызып, барлық жағдайын жасаған Ұларбек Дәлейұлына және оның отбасына ризашылығын білдірген.
27 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы Бекнұр Қалиұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Моңғолия құрама сапында +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекнұр Қали командаластары арасынан алғашқы болып рингке Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19-шы Азия ойындарында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы қатысуда.
Сонымен қатар баскетболдан қыздар арасындағы сайыста Бұлбұл Мұратқызы бақ сынауда. Баскетбол командасы 27 қыркүйекте алғашқы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Екінші кездесуін 29 күні Үндістан, үшінші кездесуін 1 қазан күні Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ Моңғолия спортшылары 19-шы Азия ойындарында бүгінге дейін 6 медаль иеленуде. Ел қоржынында 2 күміс, 4 қола бар. Биылғы Азия ойындарына 410 спортшы бақ сынауда.
Моңғолия 1974 жылдан бері Азия ойындарынан барлығы 161 медаль жеңіп алса, олардың 24-і алтын, 46-сы күміс, 91-і қола медаль.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.