Connect with us

Лайфстайл

Жаңа жылда қандай сыйлық сыйлаймын?

Published

on

Мерекеде бастысы қымбат сыйлық емес, көңіл екенін ұмытпаңыз.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұмыс кестесі тығыз болып, көптеген адам жақындарына сыйлық сатып алуда қиналып жатады. Бірінің уақыты болмаса, екіншілері дұрыс таңдау жасай алмайды. Осы орайда назарларыңызға ерекше сыйлықтар тізбесін ұсынамыз.

Тәтті кәмпит пен печенье

Жаңа жыл мерекесінде алыс-жақын туысқандарыңызға не сыйлайтыныңызды білмесеңіз, әдемі қапталған кәмпит немесе бәліш әзірлеуіңізге болады. Бұл сыйлығыңыз жасы үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатыны сөзсіз. Тіпті, ұнатпай жатса, оны екінші бір адамға сыйлап жібере алады.

Егер Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас салдарынан жоғарыдағыларды әзірлеуге уақытыңыз болмаса, оны арнайы дүкеннен сатып алуыңызға болады. Сондай-ақ, осы дүкен өнімінің сыртын безендіретін байлауыш пен түрлі-түсті қағаз сатып алуды ұмытпаңыз.

Барлығымыз да жан-дүниемізде бала болғандықтан, тәтті тағам ағзамыз үшін антидепрессант ретінде әсер ететіні сөзсіз. Мұнымен қатар, сусындар туралы да ұмытпаған жөн: шай немесе кофе жиынтығы мұндайда таптырмас сый болмақ. Ыстық сусын тәнді ғана емес, көңілді де жылытатын болады.

Печеньеден жасалған үй

Ерекше заттар

Қиялыңызға аздап ерік беретін болсаңыз, Жаңа жыл мерекесіне не сыйлауға болатынын міндетті түрде табасыз. Ол үшін міндетті түрде қымбат сыйлық іздеудің қажеті жоқ. Мысалы, іздегеніңізді кәдесыйлар сататын дүкеннен табуыңызға болады.

Достар мен әріптестерге

Жаңа жылға арналған сыйлықтар мереке кезінде көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, әріптестеріңізбен арадағы ренішті ұмытуға көмектеседі. Мысалы:

  • флешка;
  • визитка салғыш;
  • блокнот;
  • кітап;
  • күнтізбе;
  • танымал брендертер қаламы;
  • үстелге қоятын мүсіндер;
  • термокесе;
  • телефон қуаттағыш;
  • оятқыш;
  • қолдан жасалған сабын;
  • хош иісті шам;
  • арзан сыйлықтар

Жаңа жыл қарсаңында барлығына бірдей сый жасағымыз келетіні сөзсіз. Мұндайда эконом-сыйлықтар көмекке келеді. Кішкене сыйлықтың өзі адамның керегіне жарауы мүмкін.

Қолжетімді сыйлықтарға мысал:

  • ваннаға арналған кішігірім жиынтық;
  • жанатын автоқалам;
  • шыршаға ілетін ойыншық;
  • жүннен тоқылған шұлық;
  • қолғап;
  • планшет немесе телефонға арналған қап;
  • косметика;
  • әмиян.

Пайдалы заттар айтарлықтай қымбат емес. Мұндай креативті сыйлықтар бірінші кезекте оны сыйлаған адам және бірге өткізген уақытты еске түсіреді.

Бірегей сыйлықтар

Айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағыңыз келе ме? Неге әзілдеп көрмес ке?! Ол үшін келесі сыйлықтарға сыйға тартуға болады:

  • Жаңажылдық “Оскар”;
  • түрлі тілек жазылған печенье;
  • көңіл-күй күнтізбесі;
  • армандар жазатын чек кітапшасы;
  • қарға арналған стақан;
  • түнде жанатын бәтіңке бауы.

Енді достарыңызға не сыйлау керектігін білесіз.

Ерекше шешім

Терезеден қысқы көріністі тамашалап отырып, бір сәтке жылы жазға оралғың келеді. Бұл ойыңызды келесі сыйлықтар арқылы жүзеге асыруға болады:

  • трансформер жамылғы;
  • косметика жиынтығы;
  • кеңседе қолдануға болатын жастық;
  • үстел ойындарының жиынтығы;
  • әдемі суреттері бар шәйнектер.

Қарапайым әрі жарқын түсті

Қарапайым кәдесыйлар тамаша жаңажылдық сыйлық бола алады. Минимализмді жақсы көретін жақындарыңызға келесілердің біреуін таңдауыңызға болады:

  • тиын салуға арналған футляр;
  • фотосуретке арналған жиектеме;
  • органайзер-шәшке;
  • галстукке арналған қысқыш;
  • планшетке арналған тіреуіш;
  • салауатты өмір салтын ұстанатындарға ланчбокс пен су құятын бөтелке;
  • тиынға арналған ерекше сандықша.

Бірақ бұл сыйлықтарды мүмкіндігінше ерте алғаныңыз жөн. Әйтпесе мерекеге дейін сыртын безендіріп үлгермеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған ашықхат та артық болмайды. Ашықхатты ішіне тілек жазылған қағаздар салынған банкамен алмастыруыңызға болады.

Хенд-мейд тосынсыйлар

Махаббатпен қолдан жасалған кез келген сыйлықтың энергетикасы жақсы болады. Аздаған уақытыңыз болса, қиялыңызға ерік беріп, сыйлықты қолдан жасауыңызға болады.

Қолдан жасалған бұйымдар

Мысалы:

  • интерьерді толықтыратын жастықтар;
  • шыршаға тағатын жұмсақ ойыншықтар;
  • жұқа жіптен тоқылған дастархан;
  • кілт салғыш;
  • әдемі суреті бар алжапқыш;
  • майда-шүйде заттар салуға арналған органайзер;
  • печеньеден жасалған шырша;
  • скрапбукинг стиліндегі фотоальбом.

Жақындарыңызға Жаңа жыл мерекесінде қандай сыйлық сыйлайтыныңызға қарамастан, бастысы көңіл екенін ұмытпаңыз. Кейде қымбат сыйлыққа қарағанда, уақытылы айтылған жылы сөз жанды жылытады.

Sputnik

Лайфстайл

2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады

Published

on

14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.

Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…

Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.

Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.

Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews
Via ЭНХБАТ

Continue Reading

Дерек

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Published

on

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.

Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.

Қызыл паспорт

Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.

Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.

Көк паспорт

Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.

Жасыл паспорт

Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл.  Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.

Қара паспорт

Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.

Continue Reading

Лайфстайл

Тапсырысты үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды

Published

on

13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.


Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.

Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.

Continue Reading

Лайфстайл

Сырымбек Тау: Бай болудың құпиясы | Talim TV

Published

on

Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек7 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда