Connect with us

Моңғолияда

Қор биржасында кім белсенді

Published

on

2021 жылғы 3 қарашадағы сауда-саттық барысында 40 компанияның 752 138 дана акциясы 487 104 079 төгрөгті құрады, оның ішінде 14 компания өз бағасын көтеріп, 21 компания бағасын төмендетті, 5 компания өз бағасын сақтап қалды.

Олардың ішінде ең жоғары өсім «Мандал говь импекс» АҚ (MNG + 15%), «Алтайн Зам» АҚ (АZH+14,96%) және «Тэнгэрлиг Media Group» АҚ (TNGR + 14,95%) көрсетіп, «Хөх Ган» АҚ (HGN-12,73%), «Шивээ Овоо» АҚ (SHV-12,03) және «Оллоо» АҚ (OLL-11,54%) -ның акциясы құлдырады.

Сауда мәліметтерін алу үшін осы жерді басыңыз.

Моңғолияда

ЕҚҚДБанкі шағын және орта кәсіпті цифрландыруға қолдау көрсетеді

Published

on

26 мамыр, KAZNEWS. Цифрлық даму және коммуникациялар министрлігінің статс-хатшысы Б.Болор-Эрдэнэ мен Еуропа қайта құру және даму банкі Саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Марк Боуман Моңғолияның электронды экономикаға көшуін нығайту және цифрлық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірлесе қызмет атқараын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақ инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеп, сауда ложистика, шекаралық инфрақұрылым, электронды кедендік қызметтер және электрондық коммерцияны жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Еуропа қайта құру және даму банкі сонымен қатар Моңғолиядағы жеке бизнесті, соның ішінде шағын және орта кәсіпті цифрландыруды қолдау бойынша жұмыстар атқаратын болады.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия, Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының бірлескен бизнес форумы өтеді

Published

on

25 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияның Сауда-өнеркәсіп палатасы сіздерді Моңғолия, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикаларының банк, қаржы және азық-түлік өндірушілерінің бірлескен форумына қатысуға шақырады.

🔹Моңғолияның Сауда-өнеркәсіп палатасы 2022 жылдың 30 мамыры мен 6 маусымы аралығында Моңғолия Сыртқы Істер министрлігі, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, азық-түлік, ет және ет өнімдерін өндірушілерінің, қаржы және туристік бизнес өкілдерінің форум-кеңесін ұйымдастырады.

🔹Тіркелу мерзімі: 25 мамыр күні аяқталады.

Байланыс жасау:

Моңғолия Сауда-өнеркәсіп палатасы, Сыртқы қатынастар, ынтымақтастық департменті 
Телефоны: 77277070 (6), 91919396, 80768073
Е-пошта: adyasuren@mongolchamber.mn, foreignrelations@mongolchamber.mn 

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияның Кувейттегі елшісі тағайындалды

Published

on

22 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің Жарлығымен П.Сэргэлэн Моңғолияның Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Э.Сарантогос Моңғолияның Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KazNews Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

П.Сэргэлэн – мамандығы ұстаз, экономист. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Моңғолияның Ат спорты бапкерлері федерациясының бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол 2016 жылы Моңғолияның Азық түлік, ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп министрі болған.

Э.Сарантогос – мамандығы халықаралық қатынастар. 1997 жылдан бері Сыртқы істер министрлігіне жұмыстап келеді. Токиодағы Елшілікте мәдениет, білім, гуманитарлық мәселелер жөніндегі III хатшы, 2017 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде Азия-Тынық мұхиты департментінің басшысы қызметін атқарған. Жапон, орыс және ағылшын тілін меңгерген.

Continue Reading

Моңғолияда

Алтынгүл Дәлелқызы: Көктемгі кітап мерекесі 20 мамырда өтеді

Published

on

15 мамыр, KAZNEWS. Көктемгі Ұлттық кітап мерекесі 2022 жылғы 20 мамыр күні орталық алаңда өтеді. Бұл туралы Ақтан Бабиұлы атындағы Орталық кітапхана директоры Алтынгүл Дәлелқызы хабарлады.

Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық кітап мерекесі” өтпек.

31-рет өткізелетін кітап мерекесі Өлгий қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болмақ.

Ұлттық кітап мерекесіне балабақшалар да қамтылады. Олар ең кішкентай оқырмандармен жасөспірімдерге ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны мен парадын көрсетеді.

Көрерменге кітап алмасу акциясы мен ең сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұсынылады.

Сондай ақ, кітапханаға жанашырлық танытып жүрген азаматтарға арнайы құрмет көрсетіледі. 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек4 days ago

Кітап мерекесі, ертегілер әлеміне саяхат, сөздік кітап

22 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық...

Дерек2 weeks ago

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа...

Дерек2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы....

Дерек3 weeks ago

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер...

Дерек4 weeks ago

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады. Әзірге 23...

Дерек4 weeks ago

Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

27 сәуір, KAZNEWS. Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes...

Дерек2 months ago

Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығындағы ерлер

14 наурыз, KAZNEWS. Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау...

Дерек3 months ago

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар жарияланды. Үміткерлерді 13 наурызға дейін тізімдейді. Мекен жайы: Баян-Өлгий аймағы,...

Басты назарда