06 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Премьер-Министрі Л.Оюун-Эрдэнэ 4 сәуірде халыққа мәлімдеме жасады.
«Премьер-Министр қызметіне тағайындалған сәтте халықты вакцинациялау бірінші мақсатым болады деп айтқанмын. Пандемия ошағында жұмыстап жатқан дәрігерлер мен қызметкерлерді алғашқы сатыда Үкіметтің 100 күндігіне сиыстырып екпе салу үшін жұмыстаудамыз. Адамзаттың пандемияны жеңіп шығудың бірден-бір жол вакцина екені сөзсіз.
Дүниежүзіндегі адам санын 7 миллиард деп есептесек, күніне 16 миллион адамға екпе салу мүмкіндігімен қамтамасыз еткенде барлық адамды екі реткі екпемен 2 жылда егіп бітеді екен.
Қазір дүниежүзіндегі адамдардың 1,8 пайызына ғана екі реткі екпе егіліп отыр. Бұл халықаралық деңгейде вакцинаға деген сұраныстың артуына әкеліп соғуда. Әр ел өз азаматтарын толық вакцинациялауға бар күшін салып жатыр.
Моңғолия Үкіметі 2021 жылдың 23 ақпанынан вакцинациялау жұмысын бастаған.
Бүгінге дейін 346 мың 745 адам яғни халықтың 16,3 пайызы екпе салдырған.
Осыған байланысты Үкіметтен сәуір мен мамыр айларын ел бойынша вакцинациялау айы деп жариялап отырмыз.
Бүгіннен бастап екпе егудегі қарқынды екі есеге арттыратын боламыз.
Алдағы 1 мамырда ел астанасындағы барлық ересек азаматтарға,
1 маусымға дейін өңірлердегі барлық азаматтарға,
1 шілдеге дейін екінші реткі вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз.» – деді.