1 желтоқсан, KAZNEWS. Ел рухын көтеріп, ел азаматтарына қанат бітірген азаматтар әр елде бар. Ал, қазіргі заманда Моңғол халқының мақтанышына айналып, халқының рухын көтерген үш азаматты KAZNEWS ақпараттық агенттігі назарыңызға ұсынады.
1. Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа
Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа 1947 жылы 5 қыркүйекте Булган аймағында дүниеге келген. Моңғолияның тұңғыш ғарышкері, әлемнің 101, Азияның екінші ғарышкері атанған.
1981 жылдың 22 наурызында, Ұлыстың ұлы күні ғарышқа кеңес ғарышкері Владимир Жәнібеков пен моңғолдың қайсар ұлы Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа ғарышқа ұшқан. Содан бері қаншама рет Наурыз өтті, қаншама зымыран ұшты. Моңғол батырының ғарышты бағындырғанына бақандай отыз тоғыз жыл өтіпті.
Бір жеті бойы аспан көгін шарлап келген Гүррагчааға Кеңес Одағының Батыры, Моңғол Халық Республикасының Батыры деген атақ, Сүхбаатар ордені, Ленин ордені берілген. Генерал-майор шенінде Моңғолия әскери әуе күштерін басқарды, елінің тұңғыш ғарышкері, Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
2. Долгорсүрэнгийн Дагвадорж – Асашорюү Акинори
1980 жылы 27 қыркүйекте Моңғолияның Улаанбатыр қаласында дүниеге келген. Сумо күресі үш ғасырға жуық уақыт бойы тек ғана жапон балуандары күресетін спорт түрі болатын. Сумо күресінің әлемдік деңгейге танылуы Асашорюүге тікелей байланысты.
Сумо күресіне 1999 жылы аяқ басып, 11 жыл бойы жапон балуандарын сан соқтырған Д.Дагвадорж Асашорюү Акинори 22 жасында сумо күресінің 68-ші ёкозуна атағын алған.
2004 жылдан 2007 жылдары аралығында Асашорюүден басқа сумода ёкозуна шеніндегі балуан болмаған. Сумо күресінің ең жоғарғы лигасы Макүүчиде 25 рет чемпион атанып, Жапон императорының кубогының иегері атанды.
Башёда 669 белдесу өткізіп, 596 белдесуін жеңіспен аяқтаған. 2010 жылы 3 қазанда спорттық мансабын аяқтады.
Долгорсүрэнгийн Дагвадоржға әлемдік деңгейде елінің жаңа имиджін қалыптастырып, рухын көтергені үшін Моңғол елінің «Еңбек сіңірген спортшысы», «Еңбек ері» атағымен сыйлаған.
3. Найдангийн Түвшинбаяр
Түвшинбаяр Найдан 1984 жылы 1 мамырда Моңғолияның Булган аймағында дүниеге келген. Жастайынан моңғолдың ұлттық күресімен шұғылданып 16 жасында ел біріншілігінде чемпион атанған. 2006 жылы дзюдодан ұлттық құрамаға қабылданып -100 келі салмақ дәрежесінде күресетін болған. 2007, 2008 жылғы Азия біріншілігінде алған күміс пен қола жүлдесінен өзге халықаралық сайыстарда аса таныла бермеген дзюдошы 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері атанып, Моңғолияның спорт тарихындағы алғашқы «Олимпиада чемпионы» атанған болатын.
Қарапайым малшының баласы Түвшинбаяр халыққа жаңа үміт сыйлады. Олимпиада чемпионы атанған сәтте моңғол халқынан бөркін аспанға атпаған адам кемде-кем еді.
Кейін, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері атанып, бабымен бағы келіскен, спортты жанына серік еткен спортшы екендігін тағы бір дәлелдеген. 2014 жылғы Азия чемпионаты мен азия ойындарының чемпионы атанса, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.
2008 жылы 25 маусымда Моңғолия Президентінің жарлығымен Моңғол елінің «Еңбек ері», Сүхбаатар орденімен, «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен сыйланған. 2017 жылы «Шыңғыс хан» орденінің иегері атанды.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.
Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.
Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.
Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды.
23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.
Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.
Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?
Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.
Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.
2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды.
Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.
Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.
Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.
Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады.