27 шілде, KAZNEWS. Биыл Моңғолия 1,000,000 турист қабылдауды жоспарлаған. 2023 жылдың 7 айында Моңғолияға демалуға 325,174 турист келген, деп хабарлайды Қоршаған орта және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің жариялаған статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Қазақстан және Жапония азаматтары қаңтар айынан бастап моңғолияға келген ТОП -5 мемлекет туристері қатарына енді.
Жыл басынан бері елімізге 138,5 мың Ресей азаматы, 56,3 мың Оңтүстік Корея азаматы, 55,7 Қытай азаматы, 12,9 Қазақстан азаматы, 8,9 Жапония азаматы, 8,0 АҚШ азаматы келді.
2023 жылдың шілде айында Моңғолияға 76,559 турист келген.
Туристтер келген шекара бекеттерін салыстырып көрсек, 142,6 мың турист Чингис хаан әуежайы арқылы ұшып келсе, 58,8 мың турист Сэлэнгэ аймағының Алтанбулаг шекаралық өткізу бекеті арқылы, 43,1 мың турист Увс аймағының Боршоо шекаралық өткізу бекеті арқылы, 39,1 мың турист Дорноговь аймағының Замын-Үүд шекаралық өткізу бекеті арқылы, 22,7 мың турист Баян-Өлгий аймағының Цагааннуур шекаралық өткізу бекеті арқылы көлікпен саяхатын бастаған.