24 қазан, KAZNEWS. Өткен аптада Моңғолия Парламентінің екі жаңа депутаты ант қабылдап, бір министрдің жаңа орынбасары жұмысына кірісіп, Моңғолияның бірқатар шет елдегі Елшілері Президент Жарлығымен тағайындалды. Баян-Өлгий аймағында да тағайындаулар болды. KazNews.mn апта ішінде осы және өзге де тағайындауларға шолу ұсынады.
Моңғолия Президентінің жарлықтарымен: Мижиддоржийн Цэнгэг Моңғолияның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Лхагвасүрэнгийн Саянаа Моңғолияның Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Цэрэндоржийн Нарантунгалаг Моңғолияның Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Содномын Ганхуяг Моңғолияның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Жамсрангийн Бямбасүрэн Моңғолияның Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Сосорбарамын Энхбаяр Моңғолияның Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Сайннямбуугийн Баатаржав Моңғолияның Венгрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Дамдины Гансүх Моңғолияның Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Өлзийдэлгэрийн Батбаяр Моңғолияның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Моңғолия Парламенті (Мемлекеттік Ұлы Хурал) сайлауының 18 және 28 аумағында өткен қосымша сайлау нәтижесінде депутат болып сайланған Ц.Идэрбат пен Э.Батшугар 21 қазан күні Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде ант қабылдады.
Моңғолия Үкіметінің қаулысымен Б.Солонго Министрлер кабинеті басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Әділет және ішкі істер вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Өңірдегі тағайындаулар
Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрінің 2021 жылғы Б/34 бұйрығы бойынша Баян-Өлгий аймағында орналасқан Моңғол Алтай жоталарының мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи қорығы әкімшілігінің басшысы лауазымына Асқар Шаймарданұлы, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағындағы А.Зайтин атындағы Кәсіптік оқу-өндірістік орталығының директоры қызметіне Нұрка Қозыханқызы тағайындалды.