KAZNEWS – Моңғолияда карантин режімі 30 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды КазНьюс агенттігі.
Бүгін мемлекеттік Төтенше жағдайлар комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Моңғолияның Вице-премьер министрі Ө.Энхтүвшин бүгінге дейінгі атқарған жұмыстарының есебін берді.
Қауіп әлі сейілген жоқ. Бей-жай қарауға болмайды.
Моңғолияның Вице-премьер министрі Ө.Энхтүвшин: «Моңғолия көлемінде COVID-19 індеті тараған жоқ, сырттан коронавирус жұқтырып келген адамның саны 141 –ге жеткен. Бүгінге дейін 6474 азамат бақылауға алынып, 4950 азамат бақылаудан босаған. 1500 ге жуық азамат бақылауда тұр.
Шетелдегі азаматтарымызды елге қайтару жұмысы атқарылған сайын, елге қайту ниетін білдірген азаматтардың саны артып келеді. Алғаш 3000 ға жуық азамат елге қайтуға ұсыныс білдірсе бүгінгі мәлімет бойынша 11 мыңға жетіп отыр. Шетелдегі азаматтарды алу жұмысын тұрақты кезекпен ұйымдастыратын боламыз.
Қауіп әлі сейілген жоқ. Бей-жай қарауға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ақпараттарына жүгінсек коронавирус індеті әлемнің 216 еліне жетіп, 5 миллион адам жұқтырған. 99 мың адам көз жұмған. Әлемнің 60 елі төтенше жағдай жариялап, 50 ге жуық ел карантин жариялап отыр. » -деді.
Төтенше жағдайлар комиссиясы карантин режимін маусымның 30 күніне жейін созу туралы шешім шығарды.
Карантин кезінде халықаралық рейстер тоқтатылып, әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыруды шектеп, кино театр қатарлы көпшілік жерлер уақытша жабылған.