KAZNEWS- Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминның шақыруы бойынша 10-12 қазан күндері ресми іс-сапармен Нұр-Сұлтанға барады.
Іс-сапар аясында Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүх ҚР-ның Премьер министрі Асқар Маминмен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, саясат, сауда, экономика, инвестиция, мәдениет, білім, және гуманитарлық саладағы байланысты арттыру жөнінде пікір алмасады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Премьер-министр У.Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының жоғарғы лауазым өкілдерімен кездесіп, Моңғол-Қазақстан бизнес форумына қатысады.
Моңғолия Премьер-министрінің іс-сапары Қазақстанға 25 жылдан кейін жасалып отыр.