25 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Словения Республикасының Президенті Борут Пахормен кездесті.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу барысында Словения Республикасының Президенті Борут Пахормен кездесті.
Моңғолия Президенті кездесу барысында Моңғолия мен Словения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізді.
Тараптар арасындағы дәстүрлі және достық қарым-қатынастарды тереңдетуге, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетуге ниетті екенін айтты.
Тараптар экономика, білім, ғылым, туризм, орман шаруашылығы салаларындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейтуге және дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, Моңғолия мен Словения арасындағы сауда айналымы 21 млн.долларды құрап отыр.