2 маусым, KAZNEWS. Моңғолия 1 маусымнан бастап шекарасын ашты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінің бастығы Ц.Чинзориг хабарлады.
Моңғолия 2021 жылдың 1 маусымынан бастап өз шекарасы ашты. Нәтижесінде ел азаматтары Түркия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Греция, Қырғызстан, Тайландия, Бразилия, Египет және Үндістан қатарлы оннан астам елге бара алады.
Әлемнің 110 -нан астам елі, соның ішінде Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге Еуропа елдері шекараларын жартылай немесе толық жауып, шетелдіктерге виза беруді тоқтатқан болатын.
Моңғолия азаматтары еркін саяхаттайтын елдер санын көбейту мақсатында Моңғолия Үкіметі тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинацияланған азаматтарға вакцина салдырғанын растайтын куәлік беріп, оны қуатты деп тану үшін Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қазақстан Республикасы, Венгрия және өзге Еуропа елдерімен дипломатиялық келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.