15 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Чжан Миннің Самарқандағы кездесуінде ұйымға бақылаушы мәртебесінде ынтымақтастықты ары қарай дамытуға ниетті екенін білдірді. Моңғолия Президенті баспасөз қызметі хабарлады.
Моңғолияның Азия мен Еуропаны байланыстыратын географиялық орналасуын пайдалана отырып, сауда, көлік және логистикалық желілер, жүк тасымалы мен қызмет көрсету орталығы ретінде «Транзит Моңғолия» болуға ұмтылатынын мәлімдеді.
Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян мен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Самарқанда Иранның Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу бағытындағы міндеттемелері туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Қазақпарат ХАА-і хабарлады.
ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин бұл күннің Иран үшін де, Ұйым үшін де маңызды екенін айтты. «Иранның мүше елдер қатарына қосылуы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын күшейте түседі», – деді ол.
Иран 2005 жылы ШЫҰ-ның бақылаушы мемлекеті атанды. Елдің Ұйымға толық мүшелікке өту процесі 2021 жылы басталды. Меморандумда қаралған барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ШЫҰ-ның толық мүшесі болады.
Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 15-16 қыркүйекте Самарқанда өтеді.
ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран болып табылады.
ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттер – Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия.
ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие мемлекеттер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Шри-Ланка, Түркия.
Ташкенттегі саммитте диалогі бойынша серіктес мәртебесін Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне беру туралы меморандумдарға қол қойылды.
Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.