KAZNEWS – Моңғолия күрішті 100 пайыз импортпен алады. Жылына 50 000 тонна күріш азықтүлікке қолданады. Оның 50 пайызға жуығын Вьетнам Социалистік Республикасынан импорттайды.
Алайда тәжівирус салдарынан мемлекеттер экономикалық жағдайға байланысты кейбір азықтүлік өнімдерінің экспортына шектеулер қойып отыр.
Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметінен алдағы маусым айының соңына дейін күріш экспортына квот тоқтатқаны Моңғолияда күріштің тапшылығына әкеліп соғуы және бағаның өсу қаупі төніп тұрған.
Бұл мәселе жөнінде Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан Вьетнам Социалистік Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігімен өзара байланыс орнатып, Вьетнам Социалистік Республикасы тарапынан күріш экспортын қалыпты ұстауды жеткізген. Нәтижесінде сауда келісімі бойынша Моңғолияға экспорттайтын күріш көлеміне шектеу салынбайтын болды. Бұл туралы Ийгл ақпараттық агенттігі Вьетнам Социалистік Республикасының Моңғолиядағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлаған.
Сондай-ақ, Atameken Business агенттігінің жазуынша Моңғолия Қазақстан Республикасынан жылына 1,6 мың тонна күріш импорттайды. Моңғолияға жеткізудің кедендік құны бір тонна күріш үшін 581 доллар деп атап өткен.