KAZNEWS – Моңғолия мен Қытай арасындағы сауда айналымы өткен жылы 8,9 млрд долларды құрады. Бұл сыртқы сауданың 64.4 пайызын, барлық экспорттың 89.1 пайызын иеленуде.
Моңғолияның Қытайға саудалаған өнімдерінің 44.4 пайызын таскөмір, 26.4 пайызын мыс құрап тұр.
Сондай-ақ, Ұлы Британияға экспорттаған өнімнің 77.5 пайызын, Сингапурға экспорттаған өнімнің 76.7 пайызын, Швейцарияға экспорттаған өнімнің 98.8 пайызын алтын экспорты иеленіп тұр.