18 желтоқсан, KAZNEWS. Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Ресейдің «Росконгресс» қоры ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
15-17 желтоқсандағы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «Росконгресс» қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы О.Амартүвшин мен «Росконгресс» қорының Басқарма төрағасы, директоры Александр Стуглев қатысты.
Ынтымақтастық келісім бойынша тараптар инвестиция, экспорт, импорт, туризм және мәдениет саласында тиімді байланыс орнатуды көздейді.