23 қараша, KAZNEWS. Аймақтық Мемлекеттік тіркеу басқармасы ашық есік күндігін ұйымдастырды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
Ашық есік күндігі мемлекеттік туға тағзым етуден басталды.
Басқарма басшысы Т.Заманбек бұл саланың жетістіктері, қызметтері және Э-үкімет қызметтерін көрсететін e-mongolia.mn платформасы туралы баяндама жасады.
Аймақ әкімінің Іс басқармасының басшысы Мұхамед Болайұлы мен Заң бөлімінің бас маманы Тианах Өмірханұлы құттықтау жолдап, бөлім қызметкерлеріне сәттілік тілеп, аймақ тарапынан кейбіп қызметкерлерді марапаттады.
Ашық есік күндігі кезінде жаңа туған сәбилерін тіркеген ата-аналарға, некеге отырған жас жұбайларға куәліктерін салтанатты түрде табыстады.