12 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгийде математика пәнінен академик Мекей Әбішұлы атындағы батыс зоналық дәстүрлі олимпиада өтті.
Өлгий қаласында Моңғол елінің «Халық ұстазы», доктор, профессор, академик Мекей Әбішұлы атындағы 7-ші батыс зоналық олимпиада өтті. Математика пәні бойынша өтіп жатқан сайысқа аймағымыздан және көршілес Увс, Ховд, Баянхонгор аймағынан командалар келіп қатысты.
Батыс зоналық олимпиадаға 20 команда 300 оқушы, 40 ұстаз бақтарын сынап, қорытынды есеппен Баян-Өлгий аймағының 1-ші командасы бірінші орын, Увс аймағының 1-ші командасы екінші орын, Баянхонгор аймағы мен Увс аймағының 2-ші командасы үшінші орын иеленді.
Олимпиаданы ұйымдастыруға 13 миллион төгрөг жұмсалды.
Жыл сайын өтетін шараға биыл аймақ әкімшілігі, Turan World компаниясы, Nest Education, Сод оюун орталығы, «Мекей қоры» мен Мекей Әбішұлы атындағы Өлгий қалалық 6-шы мектебі демеушілік көрсетіп отыр.
Ұйымдастырушылар білім қуған оқушылар үшін мұндай олимпиаданың жиі ұйымдастырылып тұру керектігін тілге тиек етті.