Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі моңғолиялық бизнес өкілдерін 2019 ж. 4-5 маусымда Ұлан-Батыр қаласында өтетін Бизнес-Форумға қатысуға шақырады.
Өтетін жері: Blue Sky Hotel қонақ үйі «Diamond» залы.
Шараның ұйымдастырушылары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы.
Шараның мақсаты – қазақ-моңғол кәсіпкерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Қазақстандық тараптан өңдеу өнеркәсібі, машинақұрастыру, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салалардағы ірі тауар өндірушілер қатысады деп күтілуде. Бұл моңғолиялық қана емес, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін өзара серіктестік орнатуда, ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынас құруға, екі елдің бір-бірінің нарығына жол ашуға орасан зор мүмкіндік болмақ.