9 шілде, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қолбасшы Д.Сүхбаатар алаңында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды.
Мемлекеттік сапар барысында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ресми келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты тереңдету, өзара саяси сенім мен қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту, сондай-ақ өңірлік және көпжақты ынтымақтастықты әртараптандыру мәселелері талқыланады.
Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілету саясаты аясында бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты экономикалық мазмұнмен байытып, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды болмақ.
Айта кетейік, Моңғолия Президенті 2019 жылы Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, ал Қырғыз мемлекетінің басшысы 21 жылдан кейін Моңғолияға мемлекеттік сапармен келіп отыр.