KAZNEWS. 2023 жылғы 28 тамызда Қырғызстан Республикасының Төтенше және Өіклетті Елшісі Айбек Артыкбаевтың Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхке сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болды.
Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды тереңдету, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және дамыту, Қырғызстан Республикасы Президентінің Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары барысында талқыланған мәселелерді жүзеге асыруға күш салатынына Елші сенім білдірді.
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту қажет екендігі баса айтылды.
Елші А.Артыкбаев дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен байыту, туризм, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мен қатар жақын арада Улаанбаатар-Бішкек бағытындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру үшін аянбай жұмыс істейтінін жеткізді.
28 тамызда Қырғыстан Елшісімен Айбек Артыкбаевпен бірге Германия Федеративтік Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Хэльмут Рудольф,Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Моңғолиядағы Елшісі Фиона Блайт сенім грамоталарын табыс етті.