12 тамыз, KAZNEWS. Құрметті оқырман доктор, профессор Қауымдас Әшімұлының жаңа кітабы “Китаб” баспасында жарық көрді.
Жаңа кітап
«Сирек жер элементтері-2» атты кітабының авторы – Моңғолияның инженер-консалтингшісі, доктор, профессор Қауымдас Әшімұлы.
Қауымдас Әшімұлы – Моңғолиядағы сирек жер элементтері, олардың ашылуы, пайдаланылуы, ресурстары, өндірісі мен технологиясы бойынша көп жылдар бойы зерттеулер жүргізген сирек ғалымдардың бірі.
Ол өзінің «Құрамында сирек жер элементтері бар кенді байыту әдісі» еңбегі бойынша 1992 жылы Моңғол Халық Республикасының жаңа өнертапқыш авторы атанған болатын.
Бұл жолғы жарық көрген туындыға зерттеу нәтижелері бұрын соңды жарияланған кітап, газеттер мен журналдардағы мақалалар мен сұхбаттардан басқа, шетелдік технологиялармен байытылған ауқымды және ұзақ мерзімді зерттеу мақалалары кіреді.
Мамандардың айтуы бойынша Қауымдас Әшімұлының бұл жолғы еңбегі Моңғолиядағы сирек жер элементтерінің жобаларын бастауға тырысып жатқан қазіргі уақытта өте пайдалы жұмыс болғанын айтады.
Қауымдас Әшімұлына 99080356 телефон номері арқылы хабарласып, кітабын сатып алуға болады.