Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас талапкер үшін өмірінің жаңа бір кезеңі ашылады. Бұл кезең – қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Талабы мен қалауына сүйеніп мамандық таңдаған талапкер жоғары оқу орнына түседі. Кешегі мектептегі оқушы ендігі кезекте студент атанады. Міне, дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін жоғары оқу орнының қосар үлесі зор.
Жоғары оқу орны студентті белгілі бір мамандық иесі, қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға және алдағы жауапкершілік пен қиыншылықтарға толы өмірге бейім адам етіп қалыптастыратын тәрбие ошағы болып табылады. Сондықтан, жоғары оқу орнын таңдаған кезде өте мұқият болу қажет. Өмірімде де дәл осындай маңызды таңдау қажеттігі туғады. Соның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Қазіргі таңда осы киелі білім ордасының студенті болуға және осы таңдауға ешбір өкінбейсің.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сексен жылдан астам тарихы бар, білікті профессорлар мен ұстаздар ұжымы қызмет ететін, шетелдік университеттермен тең дәрежелі серіктестікке ие, Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім нәрімен сусындау үшін келген ең білімді, ең дарынды, озат студенттердің ордасы. Университет қабырғаларында студенттерге сапалы білім беріледі, сондай-ақ суденттерге өздерінің табиғи дарыны мен қабілеттерін шыңдау үшін алуан түрлі мүмкіндіктер бар. Осындай мақсатта, университетте көптеген студенттік ұйымдардың басын қосатын Жастар Ұйымдарының Комитеті жұмыс істейді. Мұнда әрбір студент әртүрлі ұйымдардың жұмысымен және мақсатымен таныс болып өзінің жанына жақын ұйымға мүше бола алады. Университет тарапынан да студенттерге көптеген жағдайлар жасалған. Мұның бірден бір көрінісі – Алматының тау бөктеріндегі студенттік қалашық. ҚазҰУ-нің студенттік қалашығын оның көлемі мен масштабын ескерсек “қала ішіндегі қалашық” деп атасақ та болады. Мұнда студенттер сарайы, оқу корпустары, заманауи кітапхана, оқу корпустары, жатақхана блогы және студенттерге қызмет көрсету орталығы “Керемет” орналасқан. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығының бірінші қабаты студенттердің қажеттерін қамтамасыз ету үшін медициналық орталық, кинотеатр, супермаркет, дәріхана, тіпті кір жуу блогтарымен жабдықталған. Студенттерге қойылатын талап ҚазҰУ студентінің кодексіне сәйкес абыройлы студент атағына кір келтірмей білім нәрімен сусындау…Сөз соңында, ҚазҰУ-де шынымен де барлық армандар жүзеге асады дегіміз келеді.
14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.
Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…
Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.
Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.
Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews Via ЭНХБАТ
Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.
Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.
Қызыл паспорт
Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.
Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.
Көк паспорт
Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.
Жасыл паспорт
Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл. Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.
Қара паспорт
Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.
13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.
Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.
Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.
Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.