Отанына адал қызмет ету – әрбір адамның қасиетті парызы. Отанын сүйген азамат өз еліне пайдалы қызмет еткісі келеді. Әрине, мектеп түлектерін, талапкерлерді мазалайтын бір өзекті сұрақ бар. Ол – болашақ мамандығын таңдау мәселесі? «Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс», деген сұрақтар оларды мазасын алады. Мамандық таңдау оңай шаруа емес. Себебі мамандық – адамның өмірлік серігі. Мамандық адамның өмірлік таңдауы. Біздің университеттің тыңдаушысы Баубек Лиза өзінің мамандық туралы түпкілікті шешімін қалай қабылдағаны туралы былай дейді: «Мектепте бастауыш сыныпта оқып жүрген кездерімде алғаш дәрігер болуды армандайтынмын. Ақ желең киген осы абзал жандар маған өте ұнайтын. Ата-анам, ұстаздарым да, үйдегілердің бәрі дәрігер болғың келсе, сабағыңды беске оқуың, озат оқушы болуың керек, дейтін еді. Бұл сөзді құлағыма құйып, зердеме қатаң түйген мен сабақты өте жақсы оқыдым. Қосымша сабақтарға, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстым. Би билеуді айрықша жақсы көретін болғандықтан, биден өнер сайысына қатысып жүрдім. Сайыстарда кейде бас жүлде, кей кездерде бірінші, екінші орындарды иелендім. Өсе келе бала кездегі ойымнан айнып, заң саласына қызыға бастадым. 9-сыныптан 11-сыныпқа дейін заңгер болсам ба, деп ойлап жүрдім. Осы ойдың жетегінде жүрген мен қоғамтану және құқықтану пәндерін зер сала оқыдым, заң саласына қатысты білім сайыстарына да белсене қатысып жүрдім. Білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болуым, менің заң саласына деген қызығушылығымды арттырып, білімімді жетілдіре түсті. Заңгер болсам деген арманның жетегінде Түрік лицейіне емтихан тапсырдым. Емтиханды ойдағыдай тапсырған соң, 11-сыныпты осы Түрік лицейінде жалғастырдым. Моңғолияда жүргенімде 650-700 аралығында балл жинап, университетке оқуға түстім, дегенмен де көңілімді бір ой мазалай берді. Атамекенімде ана тілімде білім алсам деген арман мені атажұртқа тартты да тұрды». «Ал үлкен арманның жетегімен Қазақстанға келдім, қазір қазақтың қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алып жүрмін», – дейді Моңғолиядан келген тыңдаушымыз Баубек Лиза. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келіп даярлық курсына тест тапсырып, оң нәтижемен оқуға қабылданғанымды өзімнің үлкен жетістігім, деп санайды. Даярлық курсында негізгі бес пән бойынша ана тілімде оқып жүрмін. Даярлық курсына келгенде, Лиза атамекеніне ана тілінде білм алу үшін келгенінде әуелі заңгер болсам ба деп ойлаған. Алайда ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары құжаттарды қабылдау барысында отандық білім беру саласындағы сан түрлі мамандықтармен таныстырғанда, заңгер болсам деген пікірін өзгертіп, шет тілдер саласына қатысты мамандықты таңдаған екен. Себебі шет тілдер саласы бойынша білім алу қазіргі жаһандану жағдайында үлкен сұранысқа ие мамандықтың бірі болуыма мүмкіндік береді. Отандық және әлемдік еңбек нарғында бәсекелестіктің артуы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігін одан ары дамыта түсуде. Сондықтан еңбек нарығында да, экономикада бәскеге қабілеттілігі төмендемейтін, әрқашанда сұранысқа ие мамандықтың бірі тіл маманы болуды түбегейлі шешім қабылдаған. Тіл дегеніміз әлем ғажайыптарының сырын білуге, өзге халықтармен танысып-білісуге кеңінен жол ашатын мамандық. Шет тілі маманы дипломатиялық қатынаста да, ауыр-жеңіл өнеркәсіптің аударма саласында да, білім беру барысында сұранысқа ие бола алады. Бұл – үлкен өмірде игі бастамаларды жүзеге асыруға қол жеткізе аласың деген сөз. Даярлық курсында тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша ана тілімізде қарқынды оқыту жүйесімен орта білім алумен қатар, болашақ мамандығы бойынша да бағыт-бағдар алады. Кафедра оқытушылары мен куратор-эдвайзерлер «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мың түрлі мамандық», «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деген тақырыптарды кәсіби-танымдық іс-шаралар өткізеді. Мамандықтарымен терең таныстыру мақсатында болашақ білім ордаларының факультеттеріне, жұмыс орындарына танымдық саяхат сабақтарын ұйымдастырады. Мамандық бойынша кәсіби бағдар бере оқытудың өзіндік басымдығы бар, білім алушылар, болашақ мамандығы туралы қажетті ақпараттар да алады. Кәсіби-танымдық саяхат сабақтары мамандықпен жақын танысуына мүмкіндік береді. Кәсіби-танымдық сабағында осы мамандық иелері бізге өздерінің жұмыстары туралы, бұл мамандық иелерінің келешекте қандай перспективалар күтіп тұрғандығы туралы әңгімелеп берді. Болашақ мамандығының қыры мен сырын жете түсіну арқылы, талапкерлер бұл жұмыстың артықшылықтары мен өзіндік қиындықтары да болатынын түсінеді. Әрине, еңбек жолында ең жетістікке жетелейтін негізгі фактор – кәсіби бағдарлық жүйемен терең білім алу, себебі сапалы білім алған бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Өмірден өз жолын тапқан адам – бақытты жан. Кәсіби бағдармен білім беру басымдығы стратегиялық маңызы зор оқу жүйесі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары:
Мырзахметова А.К., Наралиева Р.Т., Тойғанбекова М.Ш.
14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.
Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…
Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.
Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.
Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews Via ЭНХБАТ
Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.
Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.
Қызыл паспорт
Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.
Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.
Көк паспорт
Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.
Жасыл паспорт
Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл. Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.
Қара паспорт
Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.
13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.
Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.
Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.
Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.