Моңғолияның Бай-Өлке аймағындағы қандастар арасында да «Қазақстанға көмек «Сэтгэлийн Дэм» АЯН» (Рухани Дем) атты гуманитарлық акция ұйымдастырылуда.
– Әлемді жаулаған COVID-19 барша адамзатқа ортақ тілсіз жау. Мұнынмен әлем елдері болып, бірге күресуіміз қажет. Қазір Қазақстандағы жағдайға моңғолиялықтарда да алаңдаулы.
Бірінші екі еларалық дипоматиялық достық қарым-қатынастағы елдердер ретінде, киіз турлық ұлттық мәдениетері ұқсас халық ретінде де Қазақ еліндегі келеңсіз жағдайға бей-жай қарамаймыз.
Екіншіден, қарға тамырлы қазақ болғандықтан Қазақстанда көптеген ағайын-туысымыз өмір сүіріп жатыр.
Үшіншіден, кезінде Бай-Өлкедегі су апаты кезінде де Қазақстан өз көмегін аяған жоқ болатын. «Жақсылыққа – жақсылық парыз іс» дейтін халықпыз. Сондықтан біз қайрымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз.
Бұл шараны Бай-Өлке қалалық 6-мектеп мұғалымдарі Гүлжауһар Советқызы, Дәргерхан Аятханқызы және студент Серікжан Сәуейұлы бастаған болатынбыз. Қазір бұл іске Моңғолия президентінің кеңесшісі Жандос Шәріп, Бай-Өлке аймақтың Халық партиясының басшысының орынбасары Асқар Шаймарданұлы, Әйелдер ұйымының төрайымы Нұргүл Қажымұратқызы және Асқар Өскерхан бастаған бизнесмендер де атсалысуда.
Біз жиналған көмекті тамыз айында Қазақстанға жекізуді жоспарлап отырмыз. Әзірге осындай, акция барысын алда тағы да баяндай жатармыз, –дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі, мұғалім Айсара Семейбай.