29 желтоқсан, KAZNEWS. Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ 2021 жылы ұлттық және халықаралық, құрлықтық, әлемдік деңгейдегі жасанды интелект, ақпараттық технология, спорт, қоршаған ортаны қорғау, гуманитарлық салаларда ерекше табыс шығару арқылы отанын насихаттап, өзгелерге үлгі болған таңдаулы 30 баланы «Жылдың таңдаулы баласы» деп танып, марапаттады.
Қоршаған ортаны қорғау номинациясына Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмындық оқушы И.Руслан анықталды.
Командалық нәтижесі бойынша «Жылдың таңдаулы баласы» номинациясы жапонияда өткен «HIGASHIKAWA Youth Fest» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алған Баян-Өлгий аймағының «Дарын» мектебінің оқушылары А.Ерқанат, Х.Ақжол және Б.Әлирахманға табысталды.