21 қыркүйек, KAZNEWS. 6-12 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жүдодан Әлем чемпионаты өтеді.
Халықаралық жүдо федерациясының хабарлауынша әлем біріншілігіне әлемнің 84 елінен 567-ге жуық жүдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады.
Ташкентте өтетін жүдодан Әлем чемпионатына Моңғолия ұлттық құрама командасынан 18 спортшы қатысады.
Федерацияның сайтында көрсеткен мәліметке сүйенсек әлем чемпионатына ең көп палуан жіберетін елдер белгілі болыпты. Жапония, Бразилия, Франция, Израйль, Италия, АҚШ, Моңғолия құрамалары 18, Германия, Оңтүстік Корея, Қазақстан ұлттық құрамасы 17 палуаннан жібермек екен.
62 елдің үздік спортшылары қатысқан Астанада өткен чемпионатта Mr.olimpia amateur qualifier Astana IFBB PRO 2023 сайысында (Mensphysique Novice категориясында) алтын медалды Моңғолия елінде тұратын Еркебұлан Байытұлы атты спортшы қандасымыз жеңіп алды.
Сонымен қатар осы спорттың Mensphysique Open Class D түрінен қола медалды тағы қанжығасына байлаған. Бұл туралы үздік спортшының Моңғолияда тұратын әкесі ақын Байыт Қабанұлы хабарлады.
Жазба авторы бұл Астана қаласында болып жатқан әлемдік деңгейдегі аса беделді спорттық шара екенін айтады.
Ақын Байыт Қабанұлы баласының Астанаға барғанда алдынан күтіп алып, үйіне жатқызып, барлық жағдайын жасаған Ұларбек Дәлейұлына және оның отбасына ризашылығын білдірген.
27 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы Бекнұр Қалиұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Моңғолия құрама сапында +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекнұр Қали командаластары арасынан алғашқы болып рингке Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19-шы Азия ойындарында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы қатысуда.
Сонымен қатар баскетболдан қыздар арасындағы сайыста Бұлбұл Мұратқызы бақ сынауда. Баскетбол командасы 27 қыркүйекте алғашқы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Екінші кездесуін 29 күні Үндістан, үшінші кездесуін 1 қазан күні Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ Моңғолия спортшылары 19-шы Азия ойындарында бүгінге дейін 6 медаль иеленуде. Ел қоржынында 2 күміс, 4 қола бар. Биылғы Азия ойындарына 410 спортшы бақ сынауда.
Моңғолия 1974 жылдан бері Азия ойындарынан барлығы 161 медаль жеңіп алса, олардың 24-і алтын, 46-сы күміс, 91-і қола медаль.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.