16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға шақырған болатын. Себебі, шектеулер вирустың тарауын сәл де болса тоқтатады деп көрді. Жастар елдегі шектеу шаралары кезіндегі өмір сүру салтына қандай өзгерістер болғаны туралы және вакцина салдырғаннан кейін не істейтіні туралы ойларымен бөлісті.
Берденбек Ерғабылұлы
Егерде бұл індет болмаса (covid19) өзімнің көп кемшілгімді және көптеген мүмкіндіктерімді білмес пе едім?!. Шектеулер өмір сүру дағдымызды өзгертті. Жақын жандарымызбен бірге болуымызды үйретті. Және де жақын жандарымыздың қаншалықты қымбат екенін, олар үшін үйде болу керек екенін түсіндірді деп ойлаймын. Мен шекараның ар жағындағы асыл інімді тағы басқа жақындарымды сағындым. Жауапкершілік, тәртіп, вакцина үшеуі пандемияны жеңуге көмектеседі. Жазды жарқын сәттермен өткізейік ағайын!
Гүлбану Төлеуханқызы
Коронавирус адамдарды әбігерге салғаны аздай, әр салаға да өз салқынын тигізіп жатыр. Мен туризм саласында қызмет атқарамын. Бүкіл әлемде саяхат саласы тұралап тұр деуге болады. Моңғолияда да оның жайы мәз емес. Бұл сала тоқтағалы екі жыл болды. Бірақ біз оған мойын ұсынған жоқпыз. Карантин өзімізді басқа қырынан тануға мүмкіндік тудырды. Әр нәрсеге шүкіршілік етуді үйретті деп ойлаймын. Бұрын тек жұмыс бастылыққа салынып жанұямызға уақыт бөле алмаушы едік. Енді жанұяммен бірге уақытты өнімді өткізуге мүмкіндік туды. Әрине шектеуден бұрынғы кезді сағындық. Бұрынғыдай қалыпты өмірге оралудың бірден бір жолы вакцина қабылдау екенін басқа елдерге қарап білуге болады. Шектеу жойылып қалыпты өмірге қайта оралған кезде ең әуелі маскасыз емін-еркін жүруді, сүйікті ісіммен айналысып туристерге еліміздің әсем табиғатын таныстыруды қалаймын.
Толқын Ерболұлы
Халықтың өмір сүру салты мен экономикалық жағдайына әсер етуде. Індеттің таралуын тежеу үшін елде төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға шақырды. Бұл шектеулер біздің өмірімізге көптеген өзгерістер алып келді деуге болады. Балалардың оқу үлгерімі баяулау, көп уақыт үйде отыруынан болып ауа жетіспеу сезімі мен қимыл-қозғалыстың тапшылығына әкеліп соғу қатарлы кері әсерлерін атағым келеді. Сондай-ақ, ата-аналар үшін балаларына уақыт бөлу, ішкі дүниесін танып, өздерінің өткен қателіктері мен жетістіктерін бағалап, көптеген кітаптар оқып, технологияның оңтайлы жетістіктерін игеріп, алдағы уақытта онлайн режимде жұмыс жүргізіп жетістікке жетуге болатынын көрсетті деп ойлаймын. Сонымен қатар мұндай қиындықтарға төтеп беру үшін қаржылық сауаттылықтың болуы, қаржылай қор жинау керектігін түсіндім. Егер тұрғындар вакцинаға белсенді қатысып, індеттің таралу ауқымы азайып, көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталса ауылға ата-анама, туыстарым мен достарыма барып демалып қайтамын.
Қуанған Қобыландыұлы
Карантинді тиімді пайдаландым деп айта аламын. Өйткені мен үшін ең көп жұмыс атқарған, ең көп нәрсе үйренген кез болды. Медицина саласының қызметкері болғандықтан вакцинация, сараптамалық орталықтар мен науқастардың ортасында соңғы 4-5 ай үздіксіз жұмыстап келемін. Бұл індетті жеңудің жалғыз жолы әр адам жауапкершілікпен қарап вакцина салдыру деп ойлаймын. Азаматтарға өз басымызды ғана ойламай – өзгелердің саулығы үшін вакцинаға қамтылу керек деп айтқым келеді. Бұл барлығымызды жақын жандарымызбен қалаған уақытымызда кездесуге мүмкіндік тудыратын болады.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.
Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.
Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.
Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды.
23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.
Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.
Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?
Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.
Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.
2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды.
Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.
Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.
Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.
Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады.