Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Халықаралық достық» клубының ұйымдастыруымен «Жапонияның мәдениеті күндері» атты Жапон елінің апталығы аталып өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты–дәстүрлі және қазіргі заманғы жапон мәдениеті мен факультет студенттерін таныстырып, білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтіп, біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесін қосу.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Жапонияның жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында кафедраның қызметі зор.
Іс-шараға факультет оқытушы-профессорлары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, АҚШ, Швейцария, Италия, Франция, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты.
Апталық барысында «Күншығыс елі» атты ашық кураторлық сағаты, «Жапония музыкалық өнері» тақырыбында дөңгелек үстел, фотосурет көрмесі сияқты іс-шаралары өткізілді. Факультет студенттері Жапония туралы көркем фильмді тамашалады. Біздің факультетте өткізілген «Жапонияның мәдениеті күндері» апталығында Жапониядан келген студенттерапталықтың дайындау және өткізу барысына белсене қатыса отырып,өздерінің елдерінің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстырды, ұлттық киімдерін көрсетіп, салт-дәстүрлерінен көріністер қойды. Студенттер өз қолдарымен әзірлеген Жапон елінің ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Сонымен қатар, «Біз Жапония жөнінде не білеміз?» атты сұрақ-жауап интелектуалды ойын-сайысына түсті. Жапония елі туралы көрме ұйымдастырылып, сол елдің тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық нақышы, киімі, тағамы мен мәдениеті, өнері таныстырылды. «Жұмбаққа толы Жапония» тақырыбында музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Бұл кеште Жапон елінің ертегілер әлеміне саяхат жасап, студенттер дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеш барысында жапон, орыс, қазақ тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды.
Апталық барысында өткен іс-шара арқылы факультеттегі шетелдік студенттер Жапония елінің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен тарихы, сондай-ақ, Қазақстан мен Жапония қатынастары туралы жаңа мағлұматтар мен таныс болды.
Шетелдік студенттер танымдық-мәдени іс-шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс-шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
А.Е. Саденова., Л.С. Торохтий
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары