KAZNEWS – Алдағы уақытта ескі қоғамдық көліктерге жолаушы тасымалдауға тиым салынады.
Бұл жөнінде аймақтық Мамандық бақылау басқармасының бастығы Мухамед Болайұлы хабарлады.
Оның атап өтуінше, 2007 жылдан бұрын өндірілген қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы төмен, яғни автобустарының пайдалану мерзімі 12 жылдан жоғары болса 2019 жылдың 1 маусымнан бастап Цагааннуур, Даян бекеттерінен асуға жол берілмейді.
Сондай-ақ, Халықаралық және қала-аралық, сұмынаралық жолаушы тасымалдаушылар 2019 жылдың 1 маусымынан дейін автобус паркін жаңалап, белгіленген талаптарды орындау керектігін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы Ресей териториясында екі рет жол апаты орын алған.
– Катунь – Красный Яр – Алтай – Алтай Республикасының шекарасы автожолының 56 шақырымында 17 жолаушы мінген шағын автобус қозғалыстың қарсы жолағына шығып кетіп, ГАЗ-3110 жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.
– Алтай республикасының Онгудай ауданында Шүй тасжолы жолының 659 шақырымында SsangYong Istana шағын автобусы аударылып қалған. Жол апатынан кейін шағын автобустағы 14 жолаушы аурухана жеткізіліп, оның 12-сі емдеу мекемесіне жатқызылған. Тежегіш жүйесінің ақауы жол-көлік оқиғасына себепші болып отыр.