Connect with us

Мәдениет

«Үздік Домбырашы» халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!

Published

on

«Жазғы лагерь – 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелде тұратын 12-17жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Үздік Домбырашы» халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқау шарттары:

1. Қатысушылар кез-келген белгілі күйшінің туындысын домбырада ойнай алады.
2. Қатысушы өзі жіберген бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.
3. Туынды 2-4 минут аралығында MP4 форматтағы видео болуы тиіс.
4. Видеоны түсірер кезде дауыстың анық шығуын, локацияның үйлесімді болуын қадағалауы қажет.
5. Видеода қатысушы өзі туралы қысқаша баяндауы тиіс. (Аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, таңдаған тақырыбы), бейнеролик жолдаған кезде электрондық почта арқылы телефон номерін де жазып жіберуі керек.
6. Жолдайтын өз бейнежазбасын әлеуметтік желіде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQSummerCamp; #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп салу қажет.

Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:

Бейнероликтер 2023 жылғы 9-наурыз бен 23-наурыз аралығында oq_bilim@mail.ru электронды почта арқылы қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
– 3 орын 12-15 жас үшін
– 3 орын 16-17 жас үшін
Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь – 2023» жобасына жолдама электронды почтамен жолданады. Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп, кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: “Отандастар Қоры” КЕАҚ-тың 2019, 2022жылы ұйымдастырған “Жазғы Лагерь” жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

Сұрақтар үшін: +7 747 178 39 38

Continue Reading

Мәдениет

Улаанбаатарда Қажымұрат Шешенқұлының ән кеші өтеді

Published

on

08 ақпан, KAZNEWS. Қазақстандық танымал әнші Қажымұрат Шешенқұлұлы ақпанның 8 күні Улаанбаатар қаласы HOLIDAY INN мейрамханасында шығармашылық кешін өткізеді.

Байланыс телефоны: 90112128, 99079664, 99103301

Адам саны шектеулі болғандықтан тізімделуге асығыңыздар! 

Естеріңізге салсақ, «Қара жорға», «Мақпалжан», «Бүлдірген қыз», «Сені ғана» әндерімен танымал болған Қажымұрат Шешенқұлұлы – Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы қаба ауданының тумасы. Ол бүгінде өзiнiң әншілік, сазгерлік дарынымен дүниежүзіндегі қандастарымыздың жүрегіне жол тауып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген.

Continue Reading

Мәдениет

Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай

Published

on

Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай

Continue Reading

Мәдениет

Әнші Берденбек Ерғабылұлы концерт береді

Published

on

07 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгийлік танымал әнші Берденбек Ерғабылұлы 2022 жылы 09 желтоқсан күні аймақтық М.Құрманхан атындағы Музыка драма театрында концерт береді.

Айта кетейік, Берденбек Ерғабылұлының “Жақсы көрем” деп аталатын концерті 09 желтоқсан күні сағат 19:00 -да басталады. Билет бағасы 10,000 төгрөг болады. 

Байланыс телефоны: 95013773

Continue Reading

Басты назарда