Мәдениет
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
Published
5 years agoon
Моңғолия қазақтарының бойтұмарына айналған «Ел көшкенде» әнінің тарихы сонау 1991 жылғы Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашыраған қазақтардың Атажұртына көшуімен тамырласып жатыр…
1991 жылы КСРО-ның керегесі сөгіле бастағанда Кеңестер Одағына кірген 15 республиканың көбі өз тәуелсіздіктерін жариялап жіберді. Көптеген республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап жатқанда «Қазақ елі тәуелсіздігін қашан жариялар екен» деп, төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қазақтар да ел жаққа елеңдеп, құлақтары түрулі болды. Сөйтіп 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ елі де өз тәуелсіздігін жария етті. Бұл күн бейбіт күннің келерін зарыға күткен күллі қазақтың – бөрігін аспанға атып, ақ түйенің қарынын жарған тарихи күн болды. Қазақ елі тәуелсіздігін алған 1991 жылы Қазақстан Респуликасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Атамекенге көшіп келгісі келетін алыстағы барша ағайындарға жол ашық» деген тарихи үндеуін жолдады. Қиырдағы қазақтардың қастерлі жұрты, тәуелсіз Отаны – Қазақстанға деген ең алғашқы көшінің «алтын дәуірі» сол үндеуден кейін басталды. Ел тәуелсіздігін жариялап, елбасы үндеуін жолдағанда жан-жаққа тарыдай шашылған қазақтар атажұртын аңсап, туған жерін тастап, ұрпақтарының болашақ тағдыры үшін алды артына қарамай қопарыла көш бастап кетті.
Сол жылдары Қазақ еліне ең бірінші болып үдере көшкен ұлы көштің бастаушысы – Моңғолиядағы қазақтар еді. Моңғолиядағы қазақтар ендігі өмірін тарихи Отанымен түбегейлі ұштастырып, қасиетті атамекенге дүбірлей көш бастағанымен кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені қиып кету, әркімге оңай тимеді. Моңғолиядағы қазақтар Атажұртқа көше бастағанда, туған жер мен сонда қалға ағайындарына деген қимастық сезіммен «Ел көшкенде» деген ән туды.
«Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
Ата-жұртым шақырды, ашты есігін-ай.
Көшкен елде қарыздар, қалғаныда-ай,
Сен аман бол туған жер – ақ бесігім-ай!», – деп туған жерімен қимай қоштасқан ағайынның бұл әні өздерімен бірге Атажұртқа, кейін әр шеттегі ағайындардың барлығының құлағына жетті.
Қазақтың Орта жүзінің ішіндегі Абақ Керейлердің, оның ішінде Керей, Уақ, Наймандардың жартысы Алтайдың күнгей бетіне ауғалы Баян-Өлгейді тұрақтап, сонда салтын-дәстүрін, тілі мен ділін сақтап, қаймағын бұзбай ата-баба жолын жалғап келген.
«Керей, Уақ, Найманым.
Бұзылмаған қаймағың,
Кімге тастап барасың,
Баян-Өлгей ой аймағын?!», – дейтін жолдары Моңғолия қазақтарының тәуелсіз Отаны Қазақ еліне көшіп бара жатса да, құт мекені болған, кіндік қаны тамған Бай-Өлкеге деген қимастығының бір бейнесі еді.
«Дөңгеленген келбетің,
Ұраңқай мен Дөрбетім.
Ел көшкенде – жер жетім,
Мен көшкенде-ай – сен жетім», – деп ел қопарыла көшкенде артында қалған Ұраңқай мен Дөрбет бауырластарына айтқаны.
Бұл әннің сөзін марқұм Мұрат Пұшатайұлы жазса, әнін марқұм Бержан Файзоллаұлы жазды. Ал, әнді ең алғаш халыққа жеткізген орындаушысы марқұм Шерікбай Ұнатұлы еді. Кейінірек әнді Қазақ елінде Қарағандыдағы «Тәттімбет» атындағы академиялық ұлт аспаптары оркестірінің сүйемелдеуімен орындап көпке танытып жүрген Меруеш Башайқызы болды.
Гүлмайра Әкімқызы
Өзгеріс Шерікбайұлы
Бүгінде «Ел көшкенде» әнін әртүрлі мәтінде немесе жарты жолдарын алып тастап орындап жүргендер бар. Әннің негізгі шығу тарихына бас қатырмайтын, мәтіннің мәні мен мағынасын ескеріп жатпайтын әншілеріміз әнді тек өз ыңғайларына қаратып, сөзін өзгертіп алып жатады. Түпнұсқасынан өзгертіп, әркім әртүрлі орындап жүрген «Ел көшкенде» әнінің толық мәтінін назарларыңызға ұсынайық:
Үшойғырдың басынан ел көшкенде-ай,
Қара бұлты Қобданың желдеткені-ай.
Бейбіт күнде бөлініп ағайыннан-ай,
Ойды күдік, бойды мұң меңдеткені-ай.
Қайырмасы:
Керей, Уақ, Найманым.
Бұзылмаған қаймағың,
Кімге тастап барасың,
Баян-Өлгей ой аймағын?!
Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
Ата-жұртым шақырды, ашты есігін-ай.
Көшкен елде қарыздар, қалғаныда-ай,
Сен аман бол туған жер – ақ бесігім-ай!
Қайырмасы: Найман, Керей, Уағым,
Күнгей бетім шуағым.
Тілім, салтым, байлығым,
Мөлдір бастау ой, бұлағым.
Жер ұйығы Ойғырдың – Жебеті, Усай-ай,
Жылқым өріп барады жусай-жусай-ай.
Жаны жомарт моңғолдар, бауырласым-ай,
Тумасақ та болып ек туысқандай-ай!
Қайырмасы:
Найман, Уақ, Керейім,
Мақтанышым мерейім.
Түтініңді түтетерсің,
Бұдан артық оу не дейін?!
Ойғыр – әкем болғанда,
Соғақ – шешем,
Ойға өткір емеспін, сөзге шешен.
Ата-жұртқа бет бұрған ағайындар,
Ата-жұртқа жетіңдер аман-есен…
Қайырмасы:
Дөңгеленген келбетің,
Ұраңқай мен Дөрбетім.
Ел көшкенде – жер жетім,
Мен көшкенде-ай – сен жетім.
Қия алмайсың қиналып сүйікті елді-ай,
Мөлдір бұлақ, қарлы тау биіктерді-ай.
Неге ғана мен ылғи көше берем-ау,
Көше беру еншіме тиіппе еді-ай?!
Қайырмасы:
Алыс кетіп жүдеген,
Сағынышы үдеген.
Ағайынға бұл әнім,
Амандығын ой тілеген!
Көліктерін сайлаған,
Көшуге бел байлаған.
Ағайынға ақ сапар,
Ұрпақ қамын ой, ойлаған!
Моңғолия қазақтарының бойтұмарына айналған «Ел көшкенде» әні жайлы ҚР Мәдениет қайраткері ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ былай дейді:
«Сай-сүйегіңді сырқыратар зар бар, сағыныш бар, қимастық бар, үміт бар, күдік бар, сенім бар, жігерлендіру бар – бәрі бар бұл әнде! Есіңе «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманындағы ел айрылғанда туған «Елім-ай!» әні оралады. Бірақ, бұл ән одан өзгерек! Мүлде бөлек! Бұл көш – Атажұртқа, тәуелсіз Отанға көшу! Сондықтан да қимастық сезімді, кіндік қаның тамған жерден қопарыла көшу оңай болып па, қуаныш сезімі ығыстыра бастайды, ақ жол, ақ сапар, ақ тілек басым түсіп барып аяқталады… Бұл ән көшкен елмен бірге Қазақстанға да жетті. Моңғолия қазақтары ғана емес, Қытайдағы, Өзбекстандағы, Ресейдегі, т.б. қазақтар да көңіл сазына айналдырды. Бұл тағдырлы ән халық жүрегінен орын тапты, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалар рухани құндылық болып танылды» – дейді.
Айта кететін бір жәйіт бұл ән соңғы кездері әр түрлі нұсқамен айтылып жүр. Біз жоғарыда әннің түп нұсқасын ұсынып отырмыз.
«Ел көшкенде» әнінің авторлары жайлы қысқаша мәлімет:
Мұрат Пұшатайұлы (сөзін жазған) – халықтың көңілінен шыққан әндер мен бірқанша жыр жинақтардың авторы. Әдебиет, мәдениет, қоғамдық-саяси өмірдегі еңбегі бағаланып, Моңғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған. 1991 жылғы ұлы көшке де ол өзіндік үлкен үлесін қоса білген азаматтардың бірі болатын…
Бержан Файзоллаұлы (әнін жазған) – 1954 жылы Өлгий қаласында туған. Музыкалық білім алған. Аймақтық қазақ музыкалы драма театрында ұлттық оркестрдің бас дирижері болып қызмет істеген. Елге танымал көптеген әндер шығарған сазгер. Мұрат екеуінің бірлескен шығармашылық ізденістері нәтижесінде он шақты ән дүниеге келген. Біржан 2002 жылы тарихи Отанына келіп, Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеден озған.
Жұбатгүл САМБУУҚЫЗЫ
6alash ұсынады
БӨЛІСУ:
Мәдениет
Саймон Коуэлл: Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған шоу өте ұнады
Published
11 months agoon
January 16, 2024Осыдан жеті жыл бұрын «Mongolian’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанған әнші О.Энх-Эрдэнэ бұл жолы «Талантты америкалықтар» шоуының арнайы шығарылымында бақ сынауда.
Ол қатысқан бағдарлама кеше жергілікті уақыт бойынша көрсетілді.
О.Энх-Эрдэнэ атақты кантри-әнші Гарт Брукстың «Достары төмен жерлерде» хит әнін сахнада жаңғыртып, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Әйгілі төреші Саймон Коуэлл оны өз командасына алғысы келді, бірақ Хайди Клум алдымен түймені басып, О.Энх-Эрдэнэ-нің тәлімгері болып таңдалды.
Хайди Клум оны таңдау себебін ерекше атап өтті: “Мен сені таңдадым, өйткені сенің дауысың керемет. Оған қоса, сен жеңімпазсың, мен жеңгенді қалаймын”-деді.
Бірақ судья Саймон Коуэлл өнер көрсеткеннен кейін оны мақтады: “Мен мүлде таң қалмаймын. Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған сіздің орындауыңыз қатты ұнады. Керемет”.
Нәтижесінде О.Энх-Эрдэнэ жартылай финалға жолдама алу және финалда қалу үшін тағы бір өнер көрсетеді. Жартылай финалда барлығы 10 өнерпаз бақ сынасады.
Бағдарлама жеңімпазы 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ие болады.
БӨЛІСУ:
24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.
Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.
Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.
Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.
Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.
БӨЛІСУ:
Мәдениет
Гаухартас Космоновқызы мен “Күлтегін” этно-ансамблі Азия дауысына қатысады
Published
1 year agoon
July 21, 202321 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.
Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.
Муса Молдабай – Өзбекстан;
“Күлтегін” этно – фольклорлық ансамблі – Моңғолия;
Гаухартас Космоновқызы – Моңғолия;
Фестиваль 28 шілде, Алматының биік таулы “Медеу” мұз айдынында сағат 18:00де өтеді.
Отандастарымызға қолдау көрсетейік!
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #азиядауысы2023
БӨЛІСУ:
KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.
Келіңіздер, көріңіздер! Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.
Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.
Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.
Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.
Көріскенше күн жақсы болсын.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...