«Электрондық үкімет – Egov.kz» қызметтері туралы
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі біздің барлық азаматтарымызға келесіні еске салады:
Сіз «Egov.kz – электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/cms/kk) арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта ала аласыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% -дан астамы «Egov.kz» сайтында қол жетімді екенін атап өтеміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.
Оған қатысты анықтамалық сілтеме келесідей: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_onlineecp
Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз. «Egov.kz» арқылы берілген анықтамалардың аудармасын және түпнұсқалық көшірмесін Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімінде алдын-ала растау қажеттігін ескеруді сұраймыз.
***
Цахим Засгийн газар – «Egov.kz» төрийн үйлчилгээний тухай
Бүгд Найрамдах Казахстан Улсын иргэдийн анхааралд!
Дэлхийд тархаж буй цар тахлын нөхцөл байдлын үед Элчин сайдын яамны зүгээс Казахстаны иргэдэд дараах зүйлийг анхааруулж байна.
Та бүхэн «Egov.kz – цахим засгийн газар» сайтаар дамжуулан (https://egov.kz/cms/kk) олон төрлийн төрийн үйлчилгээг авах боломжтой. Төрийн үйлчилгээний 87 гаруй хувийг «Egov.kz» сайтаар дамжуулан үзүүлж байна.
Төрийн тэргүүний даалгаврыг биелүүлэх ажлын хүрээнд 2020 оны эцэс гэхэд цахим хэлбэрээр үзүүлэх төрийн үйлчилгээний төрлийг 90 хувь болгох зорилт тавин ажиллаж байгаа билээ.
Төрийн цахим үйлчилгээг авахын тулд та ердөө 10 минут зарцуулан, эхлээд нэвтрэх эрхээ дараах холбоосоор идэвхжүүлснээр ашиглах бүрэн боломжтой болно. Холбоос: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_onlineecp
Та дээрх сайтаар дамжуулан авсан бичиг баримт эсвэл тодорхойлолтыг (жишээ нь: ял шийтгэл эдэлж байгаагүй тухай, гэр бүлийн байдал болон бусад тодорхойлолт) гадаад улс орнуудад ашиглах боломжтой.
«Egov.kz» цахим хуудсаас авсан тодорхойлолтын орчуулга болон эх хувийн хуулбар эсэхийг Улаанбаатар хот дахь Казахстаны Элчин сайдын яаманд ирж баталгаажуулах шаардлагатайг анхаарна уу!
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі