Президент сайлауына дауыс беруге Баян-Өлгий аймағы сайлаушыларының 62,73 пайызы қатысқан. Бұл туралы KazNews.mn Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлап отыр.
Баян-Өлгий аймағы бойынша сайлаушылар тізімінде тіркелген 58 мың 609 сайлаушының 38 мың 470-і, яғни 62,73 пайызы дауыс беруге келген.
Моңғолия президент сайлауының екінші кезеңінде Баян-Өлгий аймағының сайлаушылары М.Энхболд-ға 21 мың 306 (55.38%), Х.Баттулга-ға 16 мың 201 (42.11%) дауыс берген. Сонымен қатар кандидаттардың еш біріне белгі салмаған 963 дауыс тіркелген.
Еліміз көлемінде, Халтмаагийн Баттулга 611 226 дауыс (50,61%), Моңғол халық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболд 497067 дауыс (41,16%) жинаған. Кандидаттардың еш біріне белгі соқпаған 99 мың 494 қағаз тіркелген.