Connect with us

Орта Азия және әлемде

COVID-19 дәрігер көзімен

Published

on

3 желтоқсан, KAZNEWS. Қазақпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің шетел қазақтарының БАҚ-тарына жасаған шолуында COVID-19 дәрігер көзімен деген мақала жарияланғанын бөлісіп отырмыз.

Түркияда шығатын «Қазақ елі» журналында дәрігер-анестезиолог Абдулжелил Гезмиштің әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирус індеті және одан сақтану, емдеу жолдары туралы ғылыми-танымдық мақаласы жарық көрген. «COVID-19 – жануарларға да, адамдарға да әсер ететін (зооникалық) коронавирустың (RNA) бір түрі. Бұл вирустың мутацияға ұшырау ерекшелігі бар. Коронавирустың жиі кездесетін белгілері: дене қызуы – 83-99 %, тәбеттің жоғалуы – 40-84 %, шаршау – 44-70 %, иіс сезу қабілетінің нашарлауы – 15-30%, тыныс алудың қиындауы – 31-40%, жөтелу – 59- 82%, қақырық араласқан жөтел – 28-33%, бұлшық еттің ауыруы – 11- 35 %. Коронавирустың ауыр түрінің белгілері: ояна алмау (қозғала алмау немесе тұра алмау), шатасу, бет пен еріннің көгеруі, қан аралас қақырықтың бөлінуі, көкірек тұсының ауыруы, лейкоциттердің деңгейінің төмендеуі, бүйрек жұмысының бұзылуы, дене ыстығының көтерілу белгілері болады. Жалпы, бұл жоғары температура мен жөтел, ауыр түрімен ауырған жағдайларда тыныс алу қиындығын тудыратын ауру», – деп жазады Абдулжелил Гезмиш.

Мақала авторының жазуынша, Covid-19 дәрежесі мен деңгейі әртүрлі. Аурудың белгілері аз немесе мүлдем болмауы мүмкін. Ауыр жағдайларда ауруханада немесе қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізілуі тиіс. Әртүрлі жастағы балалар COVID-19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ересектермен салыстырғанда симптомдары жеңіл өтеді. «Елу жасқа дейінгі науқастардың өлім деңгейі – 0,5%, жетпіс және жетпіс жастан жоғары жастағы науқастардың өлім деңгейі 8%-ден артық. Бұл вирус жүкті әйелдер үшін қауіпті, десе де инфекция жұқтырған аналар балаларын емізе берсе болады. Өйткені вирустың ана сүтімен жұғатындығы анықталмаған. Расталған жағдайлардың ішінде жоғары қан қысымы, қант диабеті, жүрек ауруы және тыныс алу жүйесінің бұзылуымен ауыратын науқастарда өлім деңгейі бес есе жоғары.

Қытайда жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша инфекцияға байланысты әйелдердің өлімі – 1,7%, ерлердің өлімі – 2,8%. Қайтыс болған науқастарға жүргізілген аутопсияда өкпе мен жүрекке зақым келгендігі анықталған. Вирус жұқтырған адамдар жөтелген, түшкірген және сөйлескен кезде ауыздан шыққан тамшыда вирус болады. Көзге көрінбейтін бұл тамшылар жиі қолданылатын ортада вирустың қалдықтары қалып қоюы мүмкін. Вирустың өміршеңдігі әртүрлі, кей жерлерде 80 сағатқа дейін тұра береді. Емдеуге байланысты зерттеулер жалғасып жатыр.

Вакцина табылғанға дейін вирусқа қарсы және басқа да дәрілермен (Ремдесивир, хлорохин, фавипиравир, тейкопланин, азитромицин), эксперименттік емдеу цитокин дауылының цитокин дауылын бейтараптандыру, пассивті иммундау, тыныс алуды қолдау арқылы емдеу жолдары қолданылады. Ауру белгілері байқалмайтын және жалпы жағдайы жақсы науқастарды карантин шарттарына сәйкес үйде қадағалаймыз (екі аптадан кейін тексеруден өткізіледі). Жалпы жағдайы орташа және нашар әсіресе тыныс алу жүйесі бұзылған науқастарды аурухана бөлмесінде және қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізудеміз. Қазір індеттің басындағы түсініксіз жағдай мен қорқыныш жоқ, ақырындап үйреніп келеміз. Біздің басты мақсатымыз – денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес тиімді жұмыс істеу және екінші толқын болған жағдайда ең нашар сценарийге дайын болу.

Реті келгенде COVID-19 пандемиясына байланысты өмірмен қош айтысқан барлық денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін құрметпен еске аламын», – деп жазады автор мақаласында.

Орта Азия және әлемде

Н.Шарбиев Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысты

Published

on

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысты. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев 2023 ж. 2-3 наурызда Ұлан-Батырда өткізілген Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысып, осы ісшараға қатысушыларды Қазақстанда мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан таза ауамен қамтамасыз ету шараларымен таныстырды.

Н.Шарбиев сондай-ақ Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрі Б.Бат-Эрдэнэ және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы А.Алисджабанамен бірге Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін ауаның ластануына қарсы тұру ісшаралар бағдарламасы шеңберінде Ұлан-Батырдың «киіз үйлер» ауданының ағымдағы ахуалымен және Моңғолия астанасында ауа ластануын азайту бағытында асырылып жатқан технологиялық шешімдермен танысты.

Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен және ЭСКАТО-ның жәрдемімен өткізілген осы халықаралық форумға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, Корея Республикасы, Сингапур, Ресей, Түркия, Қытай, Жаңа Зеландия, Молдова секілді 53 мемлекеттен 200 астам жоғары лауазымды тұлғалар мен ғалымдар қатысты. Ісшара барысында ғимараттардың энергиялық өнімділігі, қуаттың таза көздерінің артықшылықтары, халықтың денсаулығын жақсарту, ауаның ластануы мен парниктік шығарындылардың салдарымен күресу, жағар-жанармайға жұмсалатын шығындар секілді мәселелер қарастырылды.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Түркияға көмекке кеткен моңғолиялық құтқарушылар елге оралды

Published

on

19 ақпан, KAZNEWS. Түркияға көмекке кеткен моңғолиялық құтқарушылар елге оралды.

Іздестіру-құтқару жасағы «Іздеу тобы», «Құтқару жасағы» және «Медициналық топ» болып үш топқа бөлініп жұмыс істеді. Құтқару жасағының құрамында Балу және Марта есімді екі іздеуші ит рөл атқарған.

Хатая қаласында 8-16 ақпан аралығында жұмыс істеген құтқарушы топты “Хөшигтийн хөндий” әуежайында Моңғолия Прьемер-министрінің орынбасары С.Амарсайхан, Түркияның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зафер Атеш қатарлы лауазым өкілдері күтіп алды.

Құтқарушылар ғимарат қирандыларының астынан 8 адамды (оның ішінде 2 бала) аман алып шығып, денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді, 19 адамның (оның ішінде 6 бала) мәйітін тиісті органдарға тапсырған.

Ал, медициналық топ 649 адамға (оның ішінде 72 бала) медициналық көмек көрсеткен. 

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Моңғолия жіберген 20 киіз үй Түркияға жетті

Published

on

16 ақпан, KAZNEWS. Моңғолия Үкіметі тарапынан Хатай қаласындағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін 20 киіз үй, 1500 көрпе, 10 тонна ет өнімдері, 2 тонна шам жіберген болатын. 

Түрік жұртына көмек ретінде жіберілген моңғол киіз үйлері тиелген жүк көлігі Хатай қаласына жетті.  

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Моңғолиялық құтқарушылар Хатая қаласында іздестіру жұмыстарына кірісті

Published

on

09 ақпан, KAZNEWS. Моңғолиялық құтқарушылары Хатая қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Сайнбуянгийн Амарсайхан.

Моңғолиялық құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстары басталғаннан бері қираған тұрғын үйлер арасынан 2 бала, 1 азаматты аман есен құтқарып қалған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек5 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек6 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда