KAZNEWS – «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді. Бұл туралы аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасының маманы Нұрқанат Қариұлы хабарлады.
Осымен 21 – мәрте өткізілетін туристік іс-шараны Моңғолия Бүркітшілер одағы, Моңғолияның Табиғат, қоршаған орта және туризм министрлігі мен Баян-Өлгий аймағы Әкімінің іс басқармасы, аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасы бірлесе ұйымдастырады.
Бүркітшілер сайысына 60-ға жуық құсбегі сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберліктерін көрсетеді.
Сонымен қатар, моңғол-қазақ халқының ұлттық ойындары өткізіліп, көрме ұйымдастырылады.