Connect with us

Мақала

Білімнің алтын ұясы

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінінің басқа факультеттерден басты ерекшелігі – мұнда негізінен шетелдік тыңдаушылар білім алады. Сол себепті бұл жерде білім беру мазмұны да ұйымдастыру жолы да өзгеше. Мұндағы оқытушыларға қойылар талап та, артылар жүк те ерекше. Әр оқытушы тек қана сапалы білім беріп қана қоймай алдындағы білім алушы шетелдік тыңдаушыға Қазақстан мемлекеті, қазақ елі, жері, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі т.б. жайлы терең мәлімет беріп, кеңінен таныстырып отырады.
Факультет тарихына көз жүгіртер болсақ, 1985 жылдан әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған тыңдаушыларды оқытқанына көз жеткізуге болады. Сол кезеңнен орыс және қазақ тілдерін шетелдіктерге оқыту мәселесі қолға алынды, тілдерді меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізі қаланды. Аталған дәрісханаларға арналған оқу бағдарламалары, оқулықтар, көмекші құралдар жазылды. 2001 жылдан факультетте қазақ диаспорасы өкілдері оқытыла бастады. Мақсаты – ЖОО түсуге дайындау. Оларға негізгі үш пән: қазақ тілі, қазақстан тарихы, математика және таңдау пәндері оқытылады. 2005 жылы кафедра ұжымы орыс тілін шет тілі ретінде оқыту және қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша бағдарламаларды толықтай жаңартып, факультетте оқытылатын барлық пәндердің оқу бағдарламасының жинағын жарыққа шығарды.
Жоғарыда айтылғандай оқу үдерісімен қатар шетелдік тыңдаушыларға тәрбиелік жұмыстар да қатар жүргізіледі. Кафедраның куратор-эдвайзер ұжымы университет және факультет көлемінен түскен құжаттардың негізгі ережелерін әр жиналыс сайын талқылап отырады. Осы ережелер студент-тыңдаушылар арасында да талқыланады. Факультет қабырғаларында және жатақханада берілген ережелердің құжаттары ілініп, студенттерге таныстырылды. Оқу жылы барысында берілген құжаттардың ережелеріне байланысты тақырыптарға куратор сағаты енгізіліп оның кестесі жасалынды. Корпоративті құндылықтарды нығайтуға бағытталған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түрлі мазмұнда тәрбиелік сағаттар, саяхат сабақтар т.б. ұйымдастырады. Бұндай жұмыстардың басты мақсаты – шетелдік тыңдаушыларға тәуелсіз еліміз жайлы мәлімет беру, тілімізді үйретіп, тарихымызды таныту, салт-дәстүрімізді дәріптеу. Осындай шаралардың бірі – «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты тәрбиелік сағаты. Аталған шараны «Наурыз» мерекесі қарсаңында ұйымдастыруға болады. Тыңдаушыларға әуелі әрбір ұлттық тағамның атауы таныстырылады. Одан кейін оның жасалу, даярлану жолы түсіндіріледі. Адам денсаулығына пайдасы айтылады. Сондай-ақ осы атауларға қатысты тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер үйретіледі.
Факультетте осындай шаралармен қатар тұрақты түрде түрлі мақсатта әдеби клубтар, үйірмелер жұмыс жасайды. Мысалы, «Парасат» жас әдебиетшілер клубы, «Шамшырақ», «Қазақ киносы», «Өлкетану» т.б
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті шетелдік тыңдаушыларға, қазақ диаспорасы өкілдеріне жан-жақты білім беріп, сонымен қатар олардың жаңа ортаға бейімделулеріне ықпал етіп отырған бірден-бір орта деп айтуға әбден болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары
Ж.Т. Ибраимова, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов

Мақала

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МОҢҒОЛИЯ: білім беру саласындағы халықаралық байланыстар

Published

on

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамның болашағы болып табылады.
Қазақстан мен Моңғолия ғылым, білім және мәдениет салаларына тұрақты қызығушылық танытуда. Сапалы білім беру, ғылыми жаңалықтар, мәдениетті дамыту-адамдар өмірінің негізі, қазіргі қоғамды одан әрі жақсарту мен жетілдірудің негізі. Алғаш рет екі мемлекет арасындағы ресми қатынастар 1992 жылы 22 қаңтарда орнатылды. Отыз жыл ішінде экономика және сауда салаларында келісімдерге қол жеткізілді және іске асырылды.
Жастар өз мақсаттарын жүзеге асыруға, өз кәсібін ашуға, болашақты құруға көмектесетін жақсы білім алуға ұмтылады. Шет тілдерін үйрену қазіргі жастарға әртүрлі ақпарат көздерінен ақпарат алуға, әртүрлі елдерде оқуға көмектеседі.
Қазақстан мен Моңғолия арасында қол жеткізілген білім беру саласындағы келісімдер моңғол студенттеріне қазақ және орыс тілдерін үйрену, білім алу үшін Қазақстанға оқуға келуге мүмкіндік береді.
Моңғолияда этникалық қазақтар тұрады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Қазақстан мен Моңғолияның тарихи ортақтығы бар екенін және халықаралық аренада бір-бірін белсенді қолдайтынын бірнеше рет атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерді одан әрі оқуға дайындайтын негізгі факультет. Моңғолиядан келген студенттер жыл сайын осы факультетке оқуға түседі, оқуын жалғастыру үшін және Қазақстанда жоғары білім алу үшін қазақ және орыс тілдерін оқиды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары қазақ және орыс тілдерін меңгертіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихын үйретуде.
2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін алды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, конференцияларға қатысуға, мақалалар жариялауға мүмкіндігі бар.
Студенттік өмір бай және алуан түрлі. Студенттер Қазақстан тарихымен, мәдени құндылықтарымен, ұлттық ерекшеліктерімен танысады. Мәдениетаралық коммуникация екі елдің өзара түсіністігін, өзара сыйластығын қалыптастыруға, бүкіл әлемде бейбітшілікке ұмтылуға ықпал етеді.
Моңғолиядан келген студенттер қазақстандық студенттерді Моңғолия тарихымен, оның ғылыми және мәдени жетістіктерімен таныстырады, концерттерге қатысады.
Моңғолиялық тыңдаушылар әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушыларына, білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыс пікірлерін білдіріп отырады.

Игнатова Е. Р., Саденова А. Е.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының доценттері
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Continue Reading

Мақала

Халық жазушысына арналған конференция өтті

Published

on

Шерхан Мұртаза – қайраткерлік қызметін қалдырмай жүріп, том-том романдар жазған жазушы. Ол халқының басындағы аласапыран, алапат кезеңнің жауапкершілігін жіті сезініп, зіл батпан жүгін қара нардай көтеріп қана қоймай, шым-шытырық шатасқан өз заманының ой жібін шамасы жеткен жерге дейін таратып кетуге талпыныс жасады. Коммунист, редактор Шерхан партия шақыруына үн қосып жазды деген шығармаларының өзінде ой жібі шатаспаған, өткінші саясаттың жетегінде кетпеген. Тіпті заманының қаһарманын жасаймын деп жасандылыққа бармаған. Әдебиет пен өнерде орын алған кеңестік кезеңді идеализациялау – ол кезде советтік өмір шындығын дәл көрсету, ал қолдан мінсіз еткен кейіпкерлер сол заманның қаһарманы деп бағаланды. Бірақ мұндай шығармалар жалпылдақ отынның жалыны құсап тез-ақ сөніп қалатын. Өйткені ондай туындылар кезекті партия съезінің шешімдерін ғана басты нысана етіп ұстайтын да, құбылып тұратын саясат толқыны тез-ақ көміп тастайтын. Мұны жақсы түсінген жас жазушы өз уа¬қытының тыңын жазса да, кенін жазса да, кейіпкер¬лері кезекті қаулыны емес, ата-баба рухын тірек етеді.
Жалпы, жас Шерханның да, тарлан Шерханның да көлемді, күрделі шығармаларында алтын арқау болып отыратын үш желі бар. Оның біріншісі – туған жер табиғаты, екіншісі – ата-баба рухы, үшіншісі – шығарманың негізгі сюжеті, яғни кейіпкерінің басынан өтіп жатқан оқиғалар тізбегі. Шерханның суреткерлік шеберлігінің ерекшелігі де осы үш желінің бір кейіпкердің бір сәтінде-ақ көрініс беруінде. Ол белгілі бір оқиғаны суреттегенде соның айналасындағы жаратылыс құбылыстарын қалт жібермей, табиғатын да, жануар-жәндігін де, сол ада쬬ның жай-күйін де қоса қабат қамтиды. Бір сөзбен айтқанда Шерхан баяндамайды, жазумен сурет салады. Көріністі көз алдыңа келтіреді. Оның шолақтау сөйлем¬дерінің құдіреті оған жетеді. Ал сол шымыр сөзді шолақтау сөйлемдерде ерекше бір қуат сезіліп тұрады.
Оның «Табылған теңіздегі» Оралы да, «Белгісіз солдаттың баласындағы» Исатайы да, «Бұлтсыз найзағайындағы» Нариманы да тау мен даладағы ұлы еңбекті туған жердің ризығы, оны жайнату ата-баба арманы деп ұғынып, солардың аруағына әр істі бастар алдында сыйынып отырады. Нағыз шындық осы. Қаулы құдіретті емес, тәңірі құдіретті. Мыңдаған жылдық бай тарихы, тәрбиесі, ділі, діні бар елдің ұлы осылай болса керек. Коммунист жазушының коммунист, комсомол кейіпкерлерінің болмысын кезеңдік қаулы өзгерте алмаса керек. Жазушының көрегендігі, шындыққа адалдығы, ұлтжандылығы осында – жас кезінен-ақ құрыштай берік ұлттық дүниетанымында жатыр.
Шерхан Мұртазаның «Мылтықсыз майдан» атты повесі бар. 1968 жылы жазылған. Сырт қарағанда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласын» еске түсіреді. «Жәмиланы», әсіресе орыс тілді қауым, одан әрі Батыс қызыға қабылдап, қошеметті сөздерін көп айтты. «Жәмиладағы» автор шешімі олардың жанына жақын еді. Өйткені батыс өркениетінде жеке адамның еркіндігі ерекше бағаланады. Өз махаббатын тапқан Жәмила соғыстағы күйеуін күтпестен кетіп қалады. Ол өз бақыты үшін отбасының дәстүрін бұзады.
Шерханның Тотиясының перзенті бар, ол да соғыс жесірі. Бірақ оны соғыста өлген Орақ деген ұлының ошағын сөндірмес үшін, немересі бөтен ауылға кетіп жат болмас үшін атасы Мамай әмеңгерлік жолымен шырылдатып тұрып кіші ұлы Нұрперзентке қосады. Автор да өз кейіпкерлерін жылап тұрып қосқан сияқты.
Журналистика және жазушылық Мұртазаның бұл өмірдегі екі қанаты болды. Қазақ жұрты қаймана халықтың қамы үшін еңбек еткен Шерхан Мұртазаны адалдығы мен әділеттілігі үшін шебер жазушыны сүйіспеншілікпен «Шераға» деп атады.
Сондай-ақ жазушы бірнеше мәрте Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ тіліне аударғанын мақтан тұтатынын айтқан.
Соңғы жылдары ол өзінің алғашқы романдарының бірі «Ай мен Айшаның» жалғасын жазумен айналысты. Айша – оның қайтыс болған анасының есімі. Дегенмен, анасының атымен аталған роман анасы жайлы ғана емес, сондай-ақ ол өмір сүрген заман туралы.
Бұдан бөлек, соңғы жылдары Мұртазаның қаламынан туған «Ноқтаға басы сыймаған» пьесасы шықты. Жазушы бұл еңбегінде халық қаһарманы, ауылдасы Бауыржан Момышұлы туралы баяндайды. Сондай-ақ, 1963 жылы жазушының «Табылған теңіз», 1965 жылы «Бұлтсыз күнгі найзағай», екі жылдан кейін «Белгісіз солдаттың баласы», 1969 жылы «Мылтықсыз майдан», 1972 жылы «41-жылғы келіншек», 1973 жылы «Ахметжанның анты» повестері мен «Интернат наны» атты әңгімелер жинақтары жарық көрді.
1976 жылы өндірістің дамуы, адам мен қоршаған ортаға деген қамқорлық туралы маңызды мәселелерді көтерген, ғылыми-техникалық төңкерісті сипаттаған «Қара маржан» романы жарияланды.
Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебеден» басқа «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Бесінші бұрыш» атты пьесалары бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде жазушы қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде аталып өтілді.
Бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қаламгер, Тарихта халықтың Шерағасы деген есіммен қалған Шерхан Мұртаза мәңгілік халық жадында сақталмақ.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары
А.М. Какенова, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов

Continue Reading

Мақала

Ways to foster tolerance among foreign students

Published

on

Today, in a period of global communication and integration of the world community, the problem of interculturalism is at the forefront. This entailed significant changes in the educational process, as the younger generation of different countries of the world had the opportunity to travel and study more abroad.
The teachers of the universities faced the task of forming such qualities of students as mutual respect, friendliness, tolerance to other culture.
These tasks are also relevant for teachers of al-Farabi KazNU, as a large number of foreign students from 50 countries of the world study in its walls. Thus, students from South Korea, China, Japan, Turkey, Iran, Mongolia, Colombia, the United States, etc., study at the Department of Foreign Language and General Education of the Faculty of Pre-university Education.
Teachers of this department constantly do important work on the socio-psychological adaptation of representatives of different linguistic cultural communities, so that foreign students become equal partners in communication in the Kazakh society.
As a result of this work, foreign students who first arrived in Kazakhstan, begin to get acquainted with the elements of communication, to learn the system of values of culture of another people, to analyze. Understanding the roots and origins of social stereotypes is an important step towards tolerance and acceptance of another world.
The process of acquaintance with the new country for some students begins with the study of literature on the political structure of the country, for others is interesting to visit the city and its surroundings, and there are students who are not afraid of the language barrier and get acquainted with the local population, most often with their peers, their families, and this makes their adaptation faster.
From the very first day, the teachers of the department pay special attention to the arrangement of life in the city, the beginning of educational activities of foreign students, their adaptation in Kazakhstan. The department holds various events imbued with ideas of tolerance, cooperation and partnership.
So, one of the first events at the beginning of the academic year is a faculty evening «Let’s meet», where foreign students talk about their country, sing songs in their native language, dance national dances.
Teachers hold round tables dedicated to the holidays in the country, its history, attractions, known people of Kazakhstan. So, during the celebration of «Nauryza – spring holiday» Kazakhstani teachers together with foreign students prepare a festive table with national dishes of different countries that can try everyone.
Such events contribute to the formation of a tolerant attitude of not only foreign, but also Kazakh students studying at the university.
At these evenings we see kindness, hospitality, fun during friendly, informal communication. Their joy, sincere laughter, good mood help them away from home. Antoine de Saint Exupéry believed that the smile unites against the differences of languages, castes and parties». Foreign students with regret part with purchased in Kazakhstan friends.
Joint trips to the lakes, the mountains, theatre, concerts, and sports complexes also contribute to unification, education of mutual understanding and friendship.
Understanding tolerance is ambiguous. It depends on the historical experience of peoples.
In the English language, according to the Oxford Dictionary, tolerance translates into «readiness and ability without protest to perceive a person or thing», in French – «respect for the freedom of another, his way of thinking, behavior, political and religious views».
In Chinese, to be tolerant means to «allow, allow, show generosity towards others». In Arab tolerance – «forgiveness, leniency, gentleness, condescension, compassion, patience, disposition to others», in Persian – «patience, tolerance, endurance, readiness for reconciliation».
Solidarity and tolerance have been vital throughout human development. In today’s world, education for tolerance among citizens has become one of the main goals of community education policy.
In 1995, UNESCO adopted the Declaration of Principles on Tolerance, which states that «in schools and universities, in the home and at work, it is necessary to foster a spirit of tolerance and to develop relations of openness, attention to each other and solidarity».
The Declaration defines tolerance as respect, acceptance and correct understanding of the rich diversity of our world’s cultures, forms of expression and ways of manifesting human individuality.
Education for tolerance should be aimed at countering the influence that causes fear and alienation towards others. It should help young people develop independent thinking, critical thinking and judgment based on moral values.
Thus, in Al-Farabi Kazakh National University, teachers make their best efforts to ensure that the stay of foreign students in Kazakhstan passed quietly, interestingly, with positive impressions, new knowledge, so that all who met and met within the walls of our university, we will stay friends forever.

Kazmagambetova A.S., Aitpaeva A.S., Sadenova A.E.
Department of Language and General Education training of foreigners
Faculty of Pre-university Education
Al-Farabi KazNU

Continue Reading

Мақала

«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі

Published

on

Әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, дүниежүзінің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы, қазақтың қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта – шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Бұл шараның мақсаты – шетелдік болашақ талапкерлерді факультетке шақыра отырып, университетпен, факультетпен, кафедрамен әрі факультеттің оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстырып, еліміздің төл тарихына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың болашақта біздің факультетті таңдауына бағыт-бағдар беру, біздің факультетте білім алғысы келетін шетелдіктердің қатарын арттыру. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту, кафедрада білім алып жатқан шетелдік студенттердің жетістіктерін көрсету.

Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдік талапкерлер шақырылды.

Факультет қабырғасында аталмыш іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Ашық есік» күнінің ашылу салтанаты университет және факультет тарихы жайында фильм көрсетіліп, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырудан басталды.

Бұл іс-шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Франция, Түркия, Вьетнам, Филиппин, Иран елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.

Шетелдік студенттер мен ұстаздар қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы және жоғары оқу орнымызда білім алу келешегі туралы және факультет тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі жетістіктері, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығы, жалпы тыныс-тіршілігі жайында бейне жазба ұсынды.

Слайдтарда шетелдерде жоғарғы мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып жүрген осы факультеттің кафедрасында білім алған үздік түлектері көрсетілді. Қатысушылар факультеттің жұмысынан хабардар болып қана қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Факультетпен, жалпы университетпен таныстыру шарасы акт залында мерекелік әдеби-музыкалық кешпен жалғасын тауып, кафедрада білім алып жатқан шетелдік өнерлі студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты. Бұл концерттік іс-шарада келген қонақтар, ұстаздар, шетелдік талапкерлер құрметіне кафедрамызда білім алып жүрген шетелдік студенттер әуелете ән салып, күмбірлете күй шертіп, биден шашу шашып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, көрініс көрсетіп, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.

Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.

Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

А.Е. Саденова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 weeks ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 month ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек4 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек4 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек5 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек5 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Басты назарда