KAZNEWS – 2013-2016 оқу жылдары Қобда университетінің Баян-Өлгий аймағындағы филиалын басқарған Бекболат Бұғыбайұлы Щвейцариялық Анита Фарнимен бірлесіп филиалды жатақханалы болдыру мақсатында бастама көтеріп, халықаралық ынтымақтастықтағы жоғары дәрежедегі белсенділігі арқылы Give2Asia халықаралық ұйымынан жиынтығы 130,000 ақш.доллар құрайтын инвестиция тартып үлгерген. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
– Бекболат мырза қуанышты жаңалығыңызды естіп өзіңізге хабарласып отырмыз. Қаражат тұрғызу жұмысы қашан басталды?
Рахмет. 2015 жылы аймақ әкімі қызметін атқарған Қ.Дәрмен ағамыз арқылы Моңғолияның Сыртқы істер министрлігінен Give2Asia халықаралық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасауға ресми рұқсат алып, қаражат тұрғызу жұмысын бастаған едік. Міне бүгін игі істің нәтижесін көріп отырмыз. Қуаныштымын. Аталмыш халықаралық ұйым арқылы шетелден жалпы 130,000 ақш.долларына инвестиция тартылып, оның $93,000-ы филиалдың есеп шотына келіп түсті.
– Қалғаны қашан келеді?
Жатақхана құрылысының суреті шығуда. Қалған қаражат құрылыс жұмысы басталған соң келеді.
– Бір кездері өзіңіз басқарған білім ордасына не айтасыз?
Қобда университетінің аймақтағы филиалына тек ғана сәттілік тілеп, келіп түскен қаражатты тиімді игеруін тілеймін. Аймағымыздың маңдайына берген жалғыз жоғарғы оқу орнының өркендеп дамуына қолымнан келгенше көмек жасауға дайынмын.