Дерек
Баян-Өлгийліктер үйлену тойға қанша ақша жұмсайды және оның қаншалықты ақталатыны туралы
Published
4 years agoon
27 қаңтар, KAZNEWS. Баян-Өлгий тұрғындарының үйлену тойға қанша ақша жұмсайтындары және оның қаншалықты ақталатыны туралы асаба Сәтжан Класханұлы мен Солтыхан Кәрімханұлын сөзге тартқан едік.
Сәтжан Класханұлы, 28 жаста – жүргізуші, асаба, @Satjan Klaskhan, Телефоны: 95119633
АСАБАНЫҢ ТОЙ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСЫ
Асабалық – ол арнайы оқытылатын мамандық емес. Сондықтан əркім əрқалай өз əлінше қызықты етіп жүргізуге тырысып жатады. Жалпы қазақ халқы «Тапқаным тойға шашылсын» – деп тойдан ештеңесін аямаған халық. Тіптен тарихи деректер, аңыз əпсаналардан да «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасапты деген сөз тіркестерін жиі кездестіреміз.
Содан қарап-ақ халқымыздың тойға қаншалықты көңіл бөлетінін аңғаруымызға болады. Қазір мынау пандемия уақытына байланысты алқалы жиындар мен той томалақ біршама тоқтап тұрғаны болмаса, қазақтың əрбір қуанышы тойсыз өтпейді.
ЖҮРГІЗУ МӘНЕРІ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК
Негізі тойдың қалай өтуі келген қонақтардың ықылас-ыждағаты, асабаның біліктілігіне қатысты болып келеді. Жасырып қайтеміз кейде асабаның айқайы мен көпшіліктің шуылы қосылған ретсіз тойларды да көріп қаламыз. Бөтен сөзбен ана тілін былғаған, күлдіремін деп бүлдірген, кəріге де жасқа да құрдасындай қалжың айтатын, сөздің жүйесі мүлде түсіне кіріп шықпаған əйтеу зырылдап сөйлесек сол өнер екен деп білген той басқарушылар да табылады. Бұл қате. Біреудің 20 жыл, тіптен 30 жыл күткен қызығын өзінің кішкентай пайымымен өлшеп, тойды қыздырған былай тұрсын, топалаңын шығарып жатады.
Өз басым 16 жыл осы салада еңбек етіп, халықтың қызық-қуанышын бөлісіп келемін. Осыдан 15-16 жыл бұрын қазақтың қара домбырасын қолыма алып ел алдына шыққанда, маңдайымнан сыйпап төбесіне көтерген халық əлі де сол биігінен түсірген емес. Халықтың жүрек түкпірінен орын алу, өнеріңмен елдің құрметіне бөленуден артық бақыт жоқ. Сондықтан осы мүддеден толығымен шыға алдым деп ойлаймын, əлі де шыға беру басты мақсатым болып табылады.
Əрбір асабаның той басқаруда ұстанатын өзіндік мəнері (стиль) болады. Осы уақыт ішінде өзімдік қолтаңбамды қалыптастырдым деп ойлаймын. «Бүгінгі ақыл, ертеңге жарамайды» демекші, қазіргі замана талабы таптауырын, жаттанды, жыртақай әзілдерді көтермейді. Сондықтан асабалар үнемі ізденіс үстінде боламыз. Өз басым өмірге жаңа қадам басып жатқан екі жасқа күлдіре отырып, олардың зердесіне ой салуды басты міндет ретінде түсінемін. Қысқасы асаба, шешендік, сыпайы сөз саптау, арғы-бергіден хабары бар, ана тілінің мәйегіне уызынан жарыған болуы шарт.
ҮЙЛЕНУ ТОЙДЫҢ БАҒАСЫ ТУРАЛЫ
Бағаға келсек қатып қалған қағида жоқ. Тіптен кейбір адамдардың өтінішін ескеріп текке де той жүргізген кездерім болған. Әркім көрпесіне қарай көсіледі. Бірақ, кейбір аспа-төк тойларда, орынсыз ысырапшылдыққа жол беріліп жатады. «Кедей байға, бай құдайға» жетсем деген заман. Кейде естіп жатамыз қалыңдық күйеуіне бәленбай миллионға той көйлегін әперіп бер, немесе бал айымызды сондай елге барып өткізейік» – дейтін сөздерді.
Адамдар есте қалатын күн жасағысы келеді. Сол үшінде қарызға батып, орынсыз шығындарға жол беріп жатады. Бірақ тойдан кейінде өмір керек. Ал асабаға шығарған қаражатының өтелуіне әрбір той иесі алаңдайды, себебі жүргізуші – іс-шараның бет-бейнесі. Алайда той өткен соң жас жұбайлар келіп рахметін айтып жатқанда қызметтің бағасы толығымен ақталған болар деп қуанамын.
Солтыхан Кәрімханұлы – жүргізуші, асаба, @Solthan Karimhan, Телефоны: 99429226
АСАБАНЫҢ ТОЙ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСЫ
Той адам өміріндегі қуанышты, ұмытылмас күндерінің бірі. Сондықтан да той иелері қуанышын есте қалатындай етіп жасағысы келеді. Той қонақтарының көңілді болуы, тойдың жоғарғы деңгейде өтуі асаба немесе жүргізушіге байланысты.
ТОЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ
Жүргізуші менің маманым емес қызығушылығым. Той басқаруда 10-15 жылдық тәжірибем бар, әрі семьялық өнерлі жұпбыз. 70-80 жылдардың әуендерін моңғол және қазақ тілінде жанды дауыста орындаймыз. Ал заманауи жастардың талғамы, эстрадалық әндер де орындаймыз. Тойда епсіз ойындар жүргізу, албаты айқайға басуға, түсініксіз әрекеттерге жол берілмеу керек.
“Сөз жүйесімен, той иесімен” -дейді қазақ халқымыз. Мені асабаға таңдаған той иесімен жолығып той жоспарын (праграмма) ақылдаса отырып жасаймыз. Асаба сол тойдың бет бейнесі болғандықтан той иесімен келіссем уәдемде тұрамын.
ҮЙЛЕНУ ТОЙДЫҢ БАҒАСЫ ТУРАЛЫ
Той халықтың қазынасы. Жиғаның тойға шашылсын дейді халқымыз. Деседе біздің Керей қазақтары тойға ерекше тиянақты қарайды. Албаты ысыраппен, дарақылықты жақамайды.
Тұрымтай тұсында, балапан басында. Осыдан 10 жыл бұрынғы той тойхана дастархан, ас су бәрі-бәрі өзгешелікте. Қазіргі жастар тойларын заманауи тойханада жасағысы келеді. Ондай тойхана әрине бағасы сәл қымбат. Бес саусақ тең емес. Өзінің тіршілік деңгейіне тарылты тойын жап-жақсы өткізетін үлгілі жандарды да көріп жүрмін. Менің байқауымша қазіргі тойға жұмсайтын ақша 15-20 миллион төгрөг деп ойлаймын. Ұят болады, обал болады дейтін қазақпыз ғой. Шақырырған соң ұят деп қонақтарда түгел келіп жатады. Тойға жұмсалған ақшаның 60 пайызы ақталуы мүмкін.
Тойды көппен бөліссең көбейеді дейді. Пандемиядан аман болайық. Той көп болсын ағайын!
БӨЛІСУ:
Дерек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Published
1 year agoon
November 3, 2023Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
БӨЛІСУ:
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.
Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.
Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.
Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды.
23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.
Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.
БӨЛІСУ:
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.
Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?
Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.
Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.
2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.
БӨЛІСУ:
Дерек
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
Published
2 years agoon
April 6, 20236 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды.
Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.
Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.
Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.
Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады.
Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті
Саймон Коуэлл: Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған шоу өте ұнады
Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...