14 наурыз. Kазньюс ақпарат агенттігі әдеттегідей өткен аптадағы оқиғаларға шолуын ұсынады.
Бауыржан Дәлелұлы Монгол Халық партиясы аймақтық филиалының төрағасы болып сайланды
Баян-Өлгий аймағының әкімі Бауыржан Дәлелұлы Баян-Өлгий аймағының «Монгол Халық партиясы» -ның кезекті ХХIХ съезіне қатысқан делегаттардың 74.7 пайыз дауысымен аймақтық партия төрағасы болып сайланды.
Бауыржан Дәлелұлының қысқаша өмірбаяны
1984 – 1994 жылдары Дэлүүн сұмындық толық орта мектебі
1994 – 1997 жылдары Ғылым технологиялық университетін Авто инженер мамандығы бойынша
1997 – 1999 жылдары Ғылым технологиялық университетін Техника ғылымдарының магистрі
2009 – 2011 жылдары Басқару академиясын Мемлекеттік басқару бойынша тәмамдаған.
Бауыржан Дәлелұлы бұған дейін 2016-2020 жылдары аралығында аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралы (мәслихат) төрағасы, 2020 жылдан Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметін атқарып келеді.