KAZNEWS – Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың Қазақстан Республикасына ресми сапары шілде айына жоспарланып отыр. Бұл туралы Polit.mn хабарлады.
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жоғарғы деңгейдегі байланыстар:
1993 жылғы қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға ресми сапармен келді.
1998 жылы Моңғолия Президенті Н.Багабандинің Қазақстанға, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға сапарлары өтті.
2007 жылғы 14-15 тамызда Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстанға сапары және 2008 жылғы 6-7 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары өткен болатын.
Сондай ақ 2019 жылы 10-12 қазан күндері ресми сапармен Нұр-Сұлтанға Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх барып қайтқан болатын. Тараптар Моңғолия Премьер-министрінің бұл сапарын екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа сатыға көтеруге маңызы зор болғанын атап өткен. Ал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминның Моңғолияға сапары мамыр айына жоспарлануда.